Балаларға қатысты ең көп сексуалдық қылмыстар-БҚО-да
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Қазақстанның қай аймағында балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жағдайлары көбірек тіркелетінін айтты.

Оның айтуынша, ҚР-да жыл сайын кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы 900-ге жуық қылмыс тіркеледі.
«Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң қабылданғаннан бері (2024 жылдың сәуірінен бастап) шамамен 25-27 адам өмір бойы түрмеге жабылды. Мұндай қылмыстардың ең көп саны БҚО, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарында тіркелуде», – деді Закиева Мәжілістің клуарында.
25-27 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылса да, күн сайын балалардан арнайы жүйе бойынша жыныстық зорлық-зомбылық пен қорқыту туралы 600-ге жуық хабарлама келіп түсуде.
Зәкиеваның айтуынша, қазақстандық балалар күніне беске жуық қылмыс жасайды.
«Бұл – буллинг, ұрлық. Егер қылмысқа итермелеген факторларға қарасақ, ең алдымен қандай мәселелермен жұмыс істеу керек екенін анықтауға болады. Негізінен, бұл – ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар. Олар көбіне өздері зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе соған куә болған балалар», – деді Зәкиева Мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ, омбудсмен балалар қылмысымен күресуге бағытталған шаралар туралы айтты.
«Мобильді топтар қиын жағдайға тап болған, қолайсыз отбасыларды және зорлық-зомбылық деректерін анықтаумен айналысады. Маусымнан бері осындай 45 мың отбасы анықталды, олардың ішінде 1800 отбасы арнайы бақылауға алынды», – деді ол.
Кәмелетке толмағандар отбасындағы проблемалар, құрдастарымен қақтығыстар туралы жазады, тіпті оқуға көмектесуді сұрайды.
Соңғы айда 11 мың SMS келіп түсті, оның 400-і баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.
Балаларға қарсы қылмыстарды кім жиі жасайды?
▪️ көршілер;
▪️ туыстары;
▪️ бала сенетін жақын адамдар.