Қазақстанда азық-түлікті негізсіз қымбаттатқандарға енді бірден айыппұл салынады

Қымбатшылыққа бүгінде аз қамтылғандардың ғана емес, орташа жалақы алып отырған азаматтардан да шағым көп.

фото: Астана әкімдігі

Сауда министрлігінің хабарлауынша, 13 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар тауарларға шектен тыс үстемақы қосқандарға бірден айыппұл салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттағаны ең әуелі әлеуметтік осал топтардың күнкөрісін қиындатты.

Бір бөлмені бақандай 80 мың теңгеге жалдап отырған көпбалалы жалғызбасты ана Лаура Оралханова қымбатшылық жағдайды қиындатқанын айтады. 

“Мысал үшін қазір айдың жартысына келдік, тоңазытқыш бос. Мен балаларға жұмыртқалар алып қоямын. Оған 1980 теңге кетті. Сүттің өзі 489 теңге тұрады. Ал пиязды 93 теңгеден, мен 180-ге 2 келісін алғанмын. Сәбіз де бітті, 2 дана ғана қалды. Міне, картопты 1635 теңгеге алғанмын. Төрт-ақ келі. Енді дүкенге баруға қорқатын болдық. Келесі күні қандай баға болады екен?! Ақшамыз жете ме, жетпей ме?! Осындай сұрақпенен кіреміз дүкенге”, – дейді ол. 

Қымбатшылыққа бүгінде аз қамтылғандардың ғана емес, орташа жалақы алып отырған азаматтардан да шағым көп. Тек биылдың өзінде ғана азық-түлік бағасын көтеріп, үстемені арттырғаны үшін 1189 әкімшілік іс қозғалып, кәсіпкерлерге 5 млн 845 мың теңге айыппұл салынған. Себебі олар сауда заңнамасы мен тұтынушылар құқығын сақтамаған. Жауапкершілікке тартылғандар көрсеткіші бойынша Қарағанды облысы, Алматы мен Астана қалалары көш бастап тұр.

“Бұдан былай айыппұл бірден салынады. Заңға өзгерту енгізілді. Сондай-ақ сауда департаменттерінің жұмысы делдалдық схемаларды анықтауға бағытталады. Биыл Алматының өзінде сауда заңнамасын бұзу, сатушы мен өндірушілер арасында пайда көрудің 226 дерегі анықталып, тоқтау қойылды”, – дейді Алматы қаласы сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Әбдиев. 

Ал саудагерлердің айтуынша, бағаның өсуіне сатушы ғана себепкер емес. Себебі өнім өндірушілерден тікелей жетпейді. Азық-түлік инфляциясына әлеуметтік маңызы бар кей тауарларды импорттайтынымыз да түрткі дейді. 

“Қазақстан өнімі аз өте. Шұжық та, сыр да. Сүт те аз. Тіпті сүтті қасымыздағы Қырғызстаннан аламыз. Қазақстандық өнім жоқтың қасы. Енді біз өзіміз 5-10 теңге қосып сатып жатырмыз. Енді не істейміз басқа? Амал жоқ, арзанға түсіре алмаймыз. Сауда орнын жалдау құны бар”, – дейді саудагер Жақсылық Байғожаев.

Десе де кәсіпкерлердің де құқығы бар. Сондықтан жауапты органдар да жөнсіз тексеріс ұйымдастыра бермейді. Бағаны негізсіз өсіргендер заң алдында жауап беруі үшін тұтынушылардың өзі арызданып, сауда министрлігіне немесе департаментіне жүгінуі шарт.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-30
Утром3.37 ℃
Днем13.55 ℃
Вечером14.31 ℃
Ночью10.65 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.78 м/с
2025-05-01
Утром10.24 ℃
Днем16.06 ℃
Вечером16.95 ℃
Ночью13.29 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.88 м/с