Наурызда астан уланып қалмас үшін не істеу керек

Наурыз мейрамы жақындап келеді. Бұл мереке дәстүрлі түрде наурыз-көже, бауырсақ, бесбармақ, қазы, шұжық, қуырдақ, жент және басқа да тез бұзылатын тағамдардың молшылығымен ерекшеленеді.

Ашық дереккөзден

Мерекеге дайындалу барысында адамдар дастарханға мол азық-түлік сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге үйден дайындалған тамақ әкеледі, қалалар мен ауылдарда жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті осы кезеңде қауіпсіздікті сақтау үшін келесі шараларды ұстануды ұсынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР МЕН ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • Іс-шаралар кестесін жасап, қатысушылар санына қарай аумақтарға бөлу;
  • Халықтың жаппай жиналуын болдырмау үшін алаңдарды елді мекеннің бүкіл аумағына барынша бөлу;
  • Тағам өнімдерін дайындау және сату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
  • Үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу;
  • Сатушылар арнайы киімде болуы және жеке гигиена талаптарын сақтауы тиіс;
  • Қалдықтарды жинау орындарын ұйымдастырып, оларды уақтылы шығару.

ХАЛЫҚҚА ҰСЫНЫСТАР

  • Қауіпсіз азық-түліктерді таңдаңыз, ата-аналар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін тағамдардың берілгеніне көз жеткізуі керек;
  • Организмнің салқындауына жол бермеңіз;
  • Әсіресе, әткеншектерде, спорттық жарыстарда адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуға тырысыңыз.

МЕКТЕПТЕР МЕН БАЛАБАҚША ӘКІМШІЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР

  • Үйде дайындалған өнімдерді тұтынуға тыйым салу ұсынылады, өйткені сақтау шарттары мен мерзімдері сақталмаған жағдайда, бұл жаппай улануға әкелуі мүмкін.

МЕРЕКЕЛІК ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ

Қазақ елі Наурыз мерекесін 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері атап өтеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-30
Утром3.37 ℃
Днем13.55 ℃
Вечером14.31 ℃
Ночью10.65 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.78 м/с
2025-05-01
Утром10.24 ℃
Днем16.06 ℃
Вечером16.95 ℃
Ночью13.29 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.88 м/с