БҚО-да Ресеймен шекаралас ауданда үшінші дрон құлады

Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. 

ren.tv видеосының кадры

БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды.

Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. 

— Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесе отырып, Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшатын аппараттың бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, дейді полиция департаментінің өкілдері.

Облыстық полицейлер нысанның елді мекендерден шалғай жерде орналасқанын анықтады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін дрон Бөкейорда ауданы Ұялы ауылдық округі маңынан табылған болатын. Оқиға орнынан түсірілген суреттерді жергілікті тұрғындар бөлісті. Кейінірек бұл ақпаратты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов растады, бірақ түсініктеме беруден бас тартты. Ұшатын аппараттың ұзындығы – 120 сантиметр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеді.

Сонымен қатар, 18 наурыз күні сағат 17:35-те Тасқала ауданының Атамекен ауылы (Тасқала ауылынан 60 шақырым солтүстікте орналасқан) тұрғындарынан полиция бөліміне белгісіз нысан табылғаны туралы хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл – құлаған пилотсыз ұшу аппараты. Нысанның ұзындығы – 300 см.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.18 ℃
Днем4.11 ℃
Вечером4.23 ℃
Ночью1.91 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.16 ℃
Днем2.55 ℃
Вечером0.17 ℃
Ночью-2.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.31 м/с