Сотталғандар саны белгіленген межеден асып бара жатыр – Абзал Құспан

Алдағы уақытта рақымшылық туралы заң қабылданып қалуы әбден мүмкін. Оған қосымша бір себеп – жалпы бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар саны беліленген межеден асып бара жатыр.

Фото: polisia.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жазасын түрмеде өтеп жатқан әйелдерге рақымшылық жасауға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жазасын өтеп жатқан әйелдерге жеңілдік жасау туралы мәселе. Биылдың қаңтар айында Мәжіліс депутаттары тарапынан тиісті депутаттық сауал жолданды. ІІМ депутаттармен келісетіні жайлы және оларға жеңілдік жасауға, яғни рақымшылық жасауға байланысты өздерінің позицияларын білдірді. Жақын арада шешімін табады деп ойлаймын, – дейді депутат.

Оның ойынша, ол әйелдерге ғана емес, басқа да әлеуметтік аз қорғалған азаматтарды да қамтуы мүмкін.

Алдағы уақытта рақымшылық туралы заң қабылданып қалуы әбден мүмкін. Оған қосымша бір себеп – жалпы бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар саны беліленген межеден асып бара жатыр. Орташа есеппен алғанда 4-5 жыл сайын жариялап тұрмыз, сол саясаттың жалғасы болады деп есептейміз, – деді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

Еске сала кетейік, Ұлттық құрылтайта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былай деген болатын.

Адамгершілік құндылықтарды басшылыққа алып, “Заң мен тәртіп” қағидатын сақтай отырып, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге қатысты кейбір заңдық ұстанымдарды қайта қарауға болады деп ойлаймын. Құқық қорғау органдары мен депутаттар осы мәселені байыпты әрі жан-жақты зерттеп, шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізуі керек, – деген еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-30
Утром6.76 ℃
Днем12.44 ℃
Вечером14.31 ℃
Ночью10.65 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.78 м/с
2025-05-01
Утром10.24 ℃
Днем16.06 ℃
Вечером16.95 ℃
Ночью13.29 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.88 м/с