Утильалымнан түскен қаржы қоқыс өңдейтін зауыттарға берілмек

Қазіргі және ұсынылатын тарифтер арасындағы айырмашылықты утиль алымдары есебінен жабу жоспарланып отыр.

Фото: promekoservice.ru

Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдегендей, Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жинау, сұрыптау және көму тарифтері арнайы кәсіпорындардың шығындарын толық жабуға жеткіліксіз.

Республикада жыл сайын 4,5 миллион тоннадан астам қалдық түзіледі. 2024 жылы қайта өңдеу деңгейі 26%-ды құрап, жоспарланған 30%-ға жетпей қалды. Мәселені шешу үшін министрлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігін енгізуді ұсынып отыр. Бұл тетік шеңберінде ТҚҚ-ға шекті, экономикалық негізделген тарифті бекіту және оны әкімдіктер деңгейінде белгілеу құзіретін айқындау қарастырылуда. Қазіргі және ұсынылатын тарифтер арасындағы айырмашылықты утиль алымдары есебінен жабу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында утиль алымдары есебінен жеңілдетілген қаржыландыру тетігі бекітілді. Бұл тетік утиль төлемі есебінен қаржыландырылатын, төлемдер бойынша екі жылға дейінгі демалысы бар, жылдық 3%-бен 15 жылға дейін берілетін қарыздарды қамтиды. Министрлік әкімдіктер ұсынған, жалпы құны шамамен 317 млрд теңге болатын 67 жобаны мақұлдады, оның 43-і қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған, – деді министр.

Министрлік жүргізген талдау өңірлерде тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу қуатын арттыру және қайталама шикізатты барынша өндіру бойынша айтарлықтай әлеует бар екенін көрсетті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-30
Утром3.37 ℃
Днем13.55 ℃
Вечером14.31 ℃
Ночью10.65 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.78 м/с
2025-05-01
Утром10.24 ℃
Днем16.06 ℃
Вечером16.95 ℃
Ночью13.29 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.88 м/с