Батыс Қазақстанда тұмауға шалдыққандар саны 3 есеге өскен

Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың 1 қазанынан бастап 208 адамның тұмаумен ауырғаны тіркелді. 

Ашық дереккөзден

Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, 1 қазаннан бері бастапқыда тұмаудың А типі тарап, 79 адам сырқаттанған. Соның ішінде 73-інен H1N1 немесе шошқа тұмауы анықталса, алтауы H3N2 түріне шалдыққан. Эпидемиологиялық кезеңнің ортасынан бастап тұмаудың В типі пайда болып, ол 129 адамнан табылды. 

— Тұмаумен ауырғандар арасында 19 жүкті әйел бар. Сондай-ақ 37-сі 4 жасқа дейінгілер, 77-сі 4-15 жас аралығындағылар болса, 94-і — ересек адамдар, – дейді Н.Мұстаев.

Оның айтуынша, тұмау тәріздес емес вирустардан 43 аденовирус, 81 риновирус, 12 боковирус, 20 парагрипп, 42 РС вирус, 23 метапневмовирус, пандемияға жатпайтын 27 коронавирус дерегі тіркелді. 

Тұмауға қарсы барлығы 69 466 адам екпе алған, бұл — облыс халқының 10 пайызы. 

— Бір айта кететін жайт, осы мерзімде жіті респираторлы вирусты инфекциялармен 120 988 адам науқастанып, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, 2 пайызға төмендеді. Бұлардың 84 030-ы 14 жасқа дейінгі балалар болса, 601-і — жүкті әйелдер. ЖРВИ және тұмаудың алдын алу үшін тұрғындарға сақтық шараларын ұмытпау керектігін еске саламыз, – деді департамент басшысының орынбасары.

kaz.inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-30
Утром-2.01 ℃
Днем13.55 ℃
Вечером14.31 ℃
Ночью10.65 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.78 м/с
2025-05-01
Утром10.24 ℃
Днем16.06 ℃
Вечером16.95 ℃
Ночью13.29 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.88 м/с