Депутат Үкіметтің киік популяциясын реттеу мәселесіне немқұрайлы қарап отырғанын сынады

Аймақтардан атқарушы билікке жолданған жүздеген өтініш пен талап-арыз үкімет тарапынан жылдар бойы елеусіз қалып келеді.

Көрнекі сурет

Бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Үкіметтің киік популяциясын реттеу мәселесіне немқұрайлы қарауын сынға алды.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселе бұған дейін бірнеше рет көтерілгенімен Премьер-министр Әлихан Смайылов пен қазіргі үкімет басшысы Олжас Бектенов тарапынан ешқандай нақты шара қабылданбаған. Үкіметтің әрекетсіздігі ауыл шаруашылығына орасан зиян келтіріп отыр.​

«Табиғи тепе-теңдікті сақтау жолында үкіметтің әрекетсіздігі ауыл шаруашылығына орны толмас зиян келтіріп отыр. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда киік популяциясының күрт өсуі ауыл шаруашылығына кері әсер етіп, экожүйеге артық салмақ түсіріп жатқанын атап өтті. Бұл мәселе бір күнде пайда болған жоқ. Аймақтардан атқарушы билікке жолданған жүздеген өтініш пен талап-арыз үкімет тарапынан жылдар бойы елеусіз қалып келеді», — деді депутат.

Абзал Құспан депутаттық сауалында киік популяциясын реттеу бойынша нақты шаралар қабылдауды талап етті. Ол 2025 жылы киік санын реттеу жұмыстарын жүргізу туралы ресми шешім қабылдап, оның әдістері мен экологиялық негіздемесін жариялауды сұрады. Бұл мәселеге жауапты мемлекеттік органды белгілеу қажеттігін атап өтті.​

Депутат Кеңес Одағы кезінде киік үшін жауапты нақты мекеме болғанын, ал қазір мұндай ұйымның жоқтығын айтады. Оның пікірінше, киік өнімін халық шаруашылығына пайдалану үшін жауапты мекеме құру қажет. Абзал Құспан осыған дейін Қазақстанның батыс өңірінде киіктердің шамадан тыс көбеюінен жергілікті шаруалардың зардап шегіп отырғанын, қарапайым тұрғындардың сотталып жатқанын айтқан еді.

sarapshy.info

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-30
Утром3.37 ℃
Днем13.55 ℃
Вечером14.31 ℃
Ночью10.65 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.78 м/с
2025-05-01
Утром10.24 ℃
Днем16.06 ℃
Вечером16.95 ℃
Ночью13.29 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.88 м/с