Көлік салығы: жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әр жылдың бірінші сәуірі — көлік салығын төлейтін соңғы күн.

Қанша төлеу керек екенін қалай білуге болады?

Салық кодексінің 493-бабына сәйкес көлік иесі салық мөлшерін өзі есептейді. Жүргізушілер Kolesa.kz-тің арнайы салық калькуляторы, kgd.gov.kz веб-порталы немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын пайдалана алады.

Банктердің мобильді қосымшасында сома автоматты түрде көрсетіледі. Мысалы, Kaspi.kz қосымшасында бұны «Төлемдер» бөлімінен табасыз.

Онлайн төлем жасап үйренбегендер салықты тұрғылықты мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне барып есептеп, төлей алады. Ол үшін ЖСН мен техникалық паспорт деректерін білу жеткілікті. Кез келген банк кассасында қолма-қол төлем арқылы есеп айырысуға мүмкіндік бар.

Көлік ортақ меншікте болса, салық мөлшерін есептеу үшін мемлекеттік кірістер департаментіне жүгінген жөн.

Налог на транспорт в Казахстане: ответы на часто задаваемые вопросы

Салықты есептеген кезде қай АЕК қолданылады?

Қай жылдың салығы төленіп жатса, сол жылдың АЕК мөлшері қолданылады.

2025 жылдың 1 сәуіріне дейін көлік иелері 2024 жылдың салығын төлейді, сондықтан былтырғы АЕК мөлшерімен (3692 теңге) есептеледі. Биылғы салықты (2026 жылдың 1 сәуіріне дейін) төлеген кезде 2025 жылдың АЕК мөлшері қолданылады.

Көлік құралын пайдалану мерзімі техпаспорттағы шыққан жылға сәйкес есептеледі. Қозғалтқыш көлемі 1500 текше см-ден жоғары жеңіл көліктің салық сомасы әр артық текше см үшін 7 теңгеге өседі.

Қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын көліктің салығы қалай есептеледі?

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстанда жасалған (өндірілген немесе құрастырылған) немесе елге сырттан келген көлемі 3000 текше см-ден жоғары қозғалтқышы бар жеңіл көліктерге жоғары салық салынады. Бұл мерзімге дейін импортталған автомобильге ескі салық шарттары қолданылады. Сондықтан осыны ескеру қажет. Онлайн-калькуляторлар бұны автоматты түрде есептейді.

Ардагерлер мен мүгедектер мотор көлемі 4000 текше см-ден жоғары машинаны 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін қайта тіркесе жеңілдіктен айырылады.

Пикап жүк көлігіне жата ма?

Жоқ. Қазақстанда пикап пен лимузин жеңіл көлік санатына кіреді. Бортты «Газельдің» техпаспортында B категориясы көрсетілсе, жүк көлігі саналады. Олардың салығы жүк көтергіштігіне байланысты есептеледі.

Көлік салығы дұрыс есептелмесе не істеу керек?

eGov.kz порталының жеке кабинетінде, eGov mobile немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшаларында атыңызға қандай көлік тіркелгенін тексеріңіз. Бөтен көлік сіздің атыңызға тіркелген болса (мұндай жағдай 2023 жылы болған), e-Salyq Azamat қосымшасы арқылы мәліметті түзетуге өтініш беріңіз.

Жеке кабинетте бөгде көлік тіркелмеген болса және қозғалтқыш көлемі, шыққан жылы сияқты деректер дұрыс көрсетілмесе, салық есептеген мемлекеттік кірістер бөлімшесіне тікелей жүгіну қажет. Былтыр мототехника иелерінің 2023 жылғы салығын есептеу барысында қате анықталған.

Налог на транспорт в Казахстане: ответы на часто задаваемые вопросы
Мотоцикл иелері мотор қуатына байланысты салық төлейді

Уақытында төлемесе не болады?

Салық төлемеген жағдайда 2 сәуірден бастап өсімпұл қосылады. 1 АЕК-тен (3692 теңге) асатын қарыз туралы хабарлама жіберген сәттен 30 жұмыс күні өткен соң Мемлекеттік кірістер комитеті автоматты түрде салық бұйрығын шығарады.

Борышкер салық бұйрығын алған соң 5 жұмыс күні ішінде қарызын төлемесе, іс сот орындаушының қолына өтеді. Ол борышкердің мүлкі мен банк шотын бұғаттап, шетелге шығуына шектеу қояды. Салық сомасына өсімпұл мен сот орындаушының қызмет ақысы (жалпы сомадан 25 %-ға дейін) қосылады.

Налог на транспорт в Казахстане: ответы на часто задаваемые вопросы

Сатылып кеткен немесе енді сатып алған көлік үшін қалай салық төлеу керек?

Машинаны сатқан кезде салықты сатып алу-сату мәмілесін жасамас бұрын төлеу қажет. Әйтпесе, қайта тіркелмейді.

Төленетін сома сатушы үшін көлік сатылған айдың бірінші күніне дейін, сатып алушы үшін көлік жаңа иесінің атына тіркелген айдың бірінші күнінен бастап есептеледі. Мысалы, 2024 жылдың 5 шілдесінде сатылса, бұрынғы иесі 6 айлық — 1 қаңтардан 1 шілдеге дейінгі салықты төлеуге тиіс. Жаңа иесі 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін төлейді.

Налог на транспорт в Казахстане: ответы на часто задаваемые вопросы

Басқа адамның салығын төлеуге бола ма?

Иә. Ол үшін иесінің аты-жөнін, ЖСН-ін және автомобильдің VIN-кодын білу жеткілікті.

Көлік сенімхат арқылы сатылса, салықты кім төлейді?

Елде сенімхат арқылы сату ескіргенімен, әлі де кездеседі. Салықты әрдайым техпаспортта көрсетілген мүлік иесі төлейді. Көлік көп жыл бұрын сатылса да, оның иесінен хабар болмаса да, соңғы 5 жылғы салық пен өсімпұл есептеле береді. Мұндай жағдайға тап болмас үшін мемлекеттік кірістер департаментіне мүлікті иеліктен шығаруды растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

«Сақтандыру арқылы» сатылғанда жағдай қиын. Заң бойынша сатып алушыны сақтандыру полисіне қосу меншік құқығын беру болып саналмайды. Сондықтан құзырлы орган техпаспортта көрсетілген иесіне салық салады.

Кім көлік салығынан босатылған?

Налог на транспорт в Казахстане: ответы на часто задаваемые вопросы

Электромобиль иелері салық төлемейді.

Салық кодексінің 490-бабына сәйкес сына санаттағы тұлғалар салықтан босатылады:

1. Заңды тұлға — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші, шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру процесінде қолданылатын, уәкілетті орган бекіткен тізімге енген арнайы техникаға салық төлемейді.

2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері, егер олар шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимін қолданса, мына шектерде пайдаланылатын жеңіл және жүк көліктері бойынша салықтан босатылады:

  • бір шаруа немесе фермер қожалығы үшін қозғалтқыш көлемі 2500 текше см бір жеңіл көлік;
  • 1000 гектар егістік (шабындық, жайылым) жерге шаққанда жалпы қозғалтқыш қуаты 1000 кВт-қа дейінгі жүк көлігі. Бұл ретте 1:1 арақатынасы сақталуға тиіс.
Налог на транспорт в Казахстане: ответы на часто задаваемые вопросы

Есеп нәтижесінде 0.5 және одан жоғары бөлшек мәні бар көлік саны шықса, ол бүтін санға дейін ықшамдалады, 0.5-тен төмен болса, ықшамдалмайды.

Есеп нәтижесінде жүк көлігінің саны бірден аз болса, қозғалтқыш қуаты ең төмен бір жүк көлігі салықтан босатылады.

3. Мемлекеттік және мемлекеттік орта білім беру мекемелері.

4. Мүгедектер қоғамдық бірлестіктері, Салық кодексінің 289-бабының 1-тармағына сәйкес қозғалтқыш көлемі 3000 текше см-ден аспайтын бір жеңіл автокөлікке және бір автобусқа салық төлемейді.

5. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталғандар, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеп (қызмет еткен), ҰОС жылдарында тылдағы қайсар еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін КСРО-ның орденімен және медалімен марапатталмағандар, Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алғандар, III дәрежелі «Даңқ» орденімен және «Отан» орденімен марапатталғандар, «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар бір көлік салығынан босатылған.

6. Мүгедектер иелігіндегі бір мотоарба мен жеңіл көлік үшін салық төлемейді.

Осы азаматтар 1 сәуірге дейін жеңілдік алуға құқығы барын растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін мемлекеттік кірістер органдарына тапсыруы қажет.

Гибридке қозғалтқыш көлеміне байланысты қарапайым жеңіл көлік сияқты салық салынады.

Ұрланған көлікке салық төлеу қажет пе?

Ұрланған автомобиль үшін салық төленбейді. Бірақ ол үшін Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру реестрінде ұрланғаны туралы өтініш тіркелгенін растайтын полиция анықтамасын алып, оны тұрғылықты жері бойынша салық органына тапсыру керек.

Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру реестрінде өтініш тіркелген күннен бастап қылмыстық іс тоқтағанға дейін немесе автомобиль қайтарылғанға дейін мұндай салық салынбайды.

 kolesa.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-30
Утром3.37 ℃
Днем13.55 ℃
Вечером14.31 ℃
Ночью10.65 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.78 м/с
2025-05-01
Утром10.24 ℃
Днем16.06 ℃
Вечером16.95 ℃
Ночью13.29 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.88 м/с