Мектепте тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Жаңа оқу жылына дейін білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын дайындау және енгізу жоспары әзірленіп жатыр.

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Биыл білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты қабылданды, ол 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңа тамақтану стандартында балаларды қауіпсіз және сапалы тамақтанумен қамтамасыз ету бойынша халықаралық талаптар ескерілген.

«Артықшылығы – тұзды, қантты және майды тұтынуды азайту, ас мәзірінде көкөністер мен жемістерді көбірек қолдану. Құрамында қанты бар сусындар мен шырындарды газдалмаған суға, сүтке, ашытылған сүтті сусындарға, жеміс шайлары мен компоттарға алмастырады», – дейді денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Тамақтану стандартында ерекше диеталық қажеттіліктері бар оқушыларды тамақтандыру бойынша ұсыным қарастырылған. Сондай-ақ ас блоктары жоқ шағын жинақталған мектептерде тамақтануды ұйымдастыру көзделген.

Бұдан басқа алғаш рет жеуге жарамсыздық индексі (тамақ қалдықтары) тұжырымдамасы енгізілді.

Қазіргі уақытта жаңа оқу жылына дейін білім беру ұйымдарында стандартты дайындау және енгізу жоспары әзірленіп жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-30
Утром6.76 ℃
Днем12.44 ℃
Вечером14.31 ℃
Ночью10.65 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.78 м/с
2025-05-01
Утром10.24 ℃
Днем16.06 ℃
Вечером16.95 ℃
Ночью13.29 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.88 м/с