«300 миллион теңгеден сыйақы тағайындаған»: Бас прокуратура Футбол федерациясындағы былықты ашты

Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстанның футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтарына жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Ulysmedia.kz коллажы

Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстанның футбол федерациясы (бұдан әрі – федерация) мен бірнеше футбол клубтарына жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталған.

«Негізгі бұзушылықтар қатарында негізсіз сыйақылар төлеу, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру фактілері бар.

Атап айтқанда, федерацияның бұрынғы басшылығы жекелеген қызметкерлер мен спортшыларға 300 млн теңгеден астам сомада негізсіз сыйақы төлеген.

Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғар қаласындағы жаттығу базасын салу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 350 млн теңгеден аса төлемдер жасалған.

2021 жылы басталған Алматы облысындағы база құрылысы тоқтап тұр, ал мердігердің шоттары бұғатталған.

Сонымен қатар 135 млн теңге стратегиялық құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге бөлінген қаражаттың орынды жұмсалуы күмән тудырады.

Бұл құжаттарда нақты іске асыру тетіктері, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту жолдары көрсетілмеген, ал клубтарды басқару стандарты іс жүзінде енгізілмеген», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Жетісу» футбол клубтарындағы тексерулер де келісімшарт сомаларын асырып көрсету, ойыншыларды төмен бағамен сату, жоғары бағамен сатып алу және қаражат жымқыру сияқты бірқатар елеулі бұзушылықтар анықталған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Футбол федерациясының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексеру жүргізу үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді.

Бас прокуратура спорт саласында заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады», — делінген хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-30
Утром3.37 ℃
Днем13.55 ℃
Вечером14.31 ℃
Ночью10.65 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.78 м/с
2025-05-01
Утром10.24 ℃
Днем16.06 ℃
Вечером16.95 ℃
Ночью13.29 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.88 м/с