Дәрі-дәрмекті рецептісіз сатқандар жаза арқалайды

Соңғы 2 жылда дәрі-дәрі дәрмекті рецептісіз сату бойынша 204 дерек тіркелген. Ал жыл басынан бері дәл осындай 6 заңбұзушылық анықталыпты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті хабарлады.

«ОА» фотоқорынан

— 2023 жылы рецептісіз дәрі-дәрмек сату бойынша 100 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 104-ке жеткен. Осыған байлансты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі хаттама жасалды, — дейді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті. 

Сондай-ақ комитет қызметкерлері дәрі-дәрмекті рецептісіз босатқандар қандай жаза арқалайтынын да айтып берді.

— Дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау, әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану, қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе, — жеке тұлғаларға — 70, лауазымды адамдарға — 100, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 130, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, — дейді министрлік.

Ведомство мамандары аталған заңбұзушылықтың куәсі болған тұрғындар eOtinish біріңғай платформасы арқылы хабарлай алатынын айтады. Егер шағымда нақты дәлелдер болса, жауаптылар бірден тексеріс жұмыстарына кіріседі.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-13
Утром16.68 ℃
Днем25.5 ℃
Вечером23.2 ℃
Ночью17.92 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра5.17 м/с
2026-06-14
Утром17.42 ℃
Днем23.88 ℃
Вечером19.91 ℃
Ночью19.55 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра4.79 м/с