«1937 жылға оралғандаймыз»: мемлекет салық төлемегендерді көрсеткендерге сыйақы бермек

Жаңа салық кодексінің ерекшеліктерінің бірі – заңдастырылған «жала жабу» жүйесі. Енді кез келген азамат бейресми тауар сатылымына қатысты фото, видео немесе скриншот ұсынса, 2 АЕК көлемінде сыйақы алады.

Фото: gov.kz

Жаңа салық кодексінің жобасына сәйкес, салық төлемеген кәсіпкерлер туралы хабар берген азаматтарға сыйақы беру мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қоғам өкілі Жанар Сүлейменова салық кодексіндегі тағы бір даулы жаңашылдыққа назар аударды.

Жаңа салық кодексінің ерекшеліктерінің бірі – заңдастырылған «жала жабу» жүйесі. Енді кез келген азамат бейресми тауар сатылымына қатысты фото, видео немесе скриншот ұсынса, 2 АЕК көлемінде сыйақы алады. 1937 жылға қайта оралғандаймыз, – деп жазды ол.

Сүлейменова кодекстің 53-бабына сілтеме жасап, бұл норма бақылау-кассалық аппараттарын және төлем карталарын қабылдауға арналған құрылғыларды пайдалану талаптарының бұзылуына қатысты екенін атап өтті.

Жобаға сәйкес, азаматтар мұндай заңбұзушылықтарды салық органдарына хабарлай алады. Айғақ ретінде фото және видеоматериалдар, ақша аударымдарының түбіртектері қабылданады.

Құжатта сондай-ақ «осы бап аясында сыйақы төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Алайда әдейі жалған ақпарат берген тұлғалар бұл тетікті пайдалана алмайды” деген тармақша бар.

САЛЫҚТАР

Қазақстанда бюджет тапшылығын еңсеру мақсатында салық реформасы қызу талқыланып жатыр. Үкімет бірқатар жаңа бастамалар ұсынДЫ, атап айтқанда:

  • ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеу;
  • Басымдық берілген салалар үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме енгізу;
  • Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ҚҚС-тан босату.

Сонымен қатар, ҚҚС бойынша есепке алу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендету және қолданыстағы арнайы салық режимдерін қайта қарау ұсынылып отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-05
Утром-0.01 ℃
Днем1.07 ℃
Вечером0.32 ℃
Ночью0.99 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра2.18 м/с
2025-12-06
Утром0.28 ℃
Днем1.75 ℃
Вечером0.03 ℃
Ночью-0.76 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра2.65 м/с