БҚО-да полиция көлікті мас күйде тізгіндемек болған жүргізушіні анықтады

Жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан 2023 жылдың тамызында 7 жылға айырылғаны белгілі болды, бірақ сот шешіміне қарамастан, ол заңды елемеуді жалғастырған.

БҚО-да полиция көлікті мас күйде тізгіндемек болған жүргізушіні анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz. 28 наурызға қараған түні жедел басқару орталығының инспекторлары камера арқылы ішімдік ішкен ер адам көлігіне жақындап, рульге отырмақшы болғанын байқаған. Осыған орай олар жедел әрекет етіп, оған заңды бұзуға және жолдағы қауіпсіздікке қауіп төндіруге мүмкіндік бермеу мақсатында патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлайды. Хабарламаны алған патрульдік полиция қызметкерлері дереу сол жерге барып, заң бұзушылықтың алдын алды. Нәтижесінде LADA Largus автокөлігі тоқтатылып, 43 жастағы ер адам ұсталды. Медициналық куәландыруға сәйкес ол орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар бұл жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан 2023 жылдың тамызында 7 жылға айырылғаны белгілі болды, бірақ сот шешіміне қарамастан, ол заңды елемеуді жалғастырған.

Мұндай әрекеттер жүргізушінің өзі үшін ғана емес, жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін де қауіпті. Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Бұл жағдай жол қозғалысы ережелерін сақтаудың және жолдағы жауапкершіліктің маңыздылығын тағы бір рет еске салады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі полицияның мұқият бақылауында.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-12
Утром-4.18 ℃
Днем-2.21 ℃
Вечером-0.9 ℃
Ночью-0.12 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.5 м/с
2025-12-13
Утром0.26 ℃
Днем1 ℃
Вечером0.55 ℃
Ночью-4.29 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 994
Скорость ветра7.37 м/с