Михаил Ломтадзе Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшыларына Kaspi.kz сервистерін таныстырды
29 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жасанды интеллектке арналған AlmatyFair.ai көрмесінде болды.

Көрменің бас серіктесі – қазақстандық Kaspi.kz технологиялық компаниясы, оның стенді іс-шарадағы ең қызықты стендтердің бірі болды.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе екі мемлекеттің көшбасшыларына сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсарту үшін компанияның инновациялық өнімдер мен сервисті қалай жасайтынын айтып берді:
«Халықаралық конференцияларда Қазақстанды таныстыру мен үшін үлкен мәртебе. Мен еліміздегі цифрландыру нәтижесі туралы әрқашан мақтанышпен айтамын. Мемлекет заманауи технологияларды дамыту үшін барлық жағдай жасап отыр және қазіргі кезде Қазақстан көптеген елдер үшін үлгі болып табылады.
Қазақстандық Kaspi.kz компаниясы әлемде баламасы жоқ сервистерді жасап отыр. Біздің инновацияларымыз жаһандық инвесторлар мен технологиялық компаниялардың назарын аударады. Kaspi.kz кейстері бойынша Гарвард студенттері оқиды. Мұның барлығы –қоғамның, мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің нәтижесі. Мен бізді тұрақты дамуға және жаңа жетістіктерге шабыттандыратын сенімі үшін әр қазақстандыққа алғыс айтамын!»
Михаил Ломтадзенің айтуынша, үздік Kaspi.kz қосымшасын Қазақстанда 14 миллионнан астам адам қолданады. Жылына 10 миллионнан астам қазақстандық Kaspi.kz-қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» сервисін қолданады — цифрлық құжаттарды пайдаланады, жүргізуші куәліктерін ауыстырады, автомобильдерді қайта ресімдейді, баланың туу туралы куәлігін алады, салық декларацияларын толтырады, ЖК тіркейді, тұрғылықты жері бойынша тіркейді, әртүрлі анықтамалар алады және тағы басқасын пайдаланады.
Kaspi.kz бірінші болып смартфонның экранында автомобильді қайта ресімдеуді іске қосты. Енді үздік Kaspi.kz қосымшасында бір жылдың ішінде 1,3 миллион қайта ресімдеу жүргізіледі. Бұрын бұл рәсім бірнеше күнге созылса, қазір бірнеше минут алады.
Михаил Ломтадзе сонымен қатар жоғары лауазымдағы қонақтарға инновациялық Kaspi Картоматтың жұмысын көрсетті. Қазақстанда толық әзірленген және өндірілген бұл құрылғы халықаралық технологиялық көрмелерде елдің айрықша белгісіне айналды. Kaspi.kz басшысы 60 секундтан аз уақыт ішінде Welcome to Kazakhstan деген жазуы бар Kaspi Gold төлем картасын басып шығарды.
