Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады: ерекшелігі қандай

Қазақстан тұрғын үй компаниясы үлескердің инвестицияларына кепілдік береді.

Қазақстанда аймақтарға арналған жаңа «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Қазақстан тұрғын үй компаниясы.

Қазақстан тұрғын үй компаниясы биыл 7 сәуірден бастап ипотекалық несиелендірудің «Орда Аймақ» бағдарламасын іске қосады. Компания кепілдігімен құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға болады. Яғни үлескердің инвестицияларына компания кепілдік береді. Құрылыс аяқталмаған немесе құрылыс компаниясы банкрот болған жағдайда, Қазақстан тұрғын үй компаниясы баспананың салынып бітуіне кепіл болады.

«Өтінімдер «Отбасы Банкі» уәкілетті агенттері арқылы қабылданады. 21 жастан асқан Қазақстанның кез келген азаматы қарыз алушы бола алады. «Орда Аймақ» бағдарламасында «Отбасы Банкте» депозиттің болуы, қарыз алушыға қойылатын талап пен тұрғын үйдің болуы туралы шектеу қолданылмайды», – дейді компания.

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:

15,9% мөлшерінде белгіленген сыйақы;

жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,26%-тен 22,81%-ке дейін.

Икемді шарттар:

бастапқы жарна 20% бастап;

қарыз сомасы 1 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін;

қарыз мерзімі 12 айдан 240 айға дейін.

Салынып жатқан тұрғын үйдің бағасы дайын тұрғын үйге қарағанда төмен. Жаңа құрылыс объектілерінің сипаттамасымен, сондай-ақ сату бөлімшелері мен консультанттардың байланыс нөмірімен ҚТК тұрғын үй порталында танысуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром19.09 ℃
Днем28.56 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.15 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.77 м/с
2025-07-18
Утром19.22 ℃
Днем29.16 ℃
Вечером28.27 ℃
Ночью22.02 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.68 м/с