БҚО-да аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды

Сот оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырды.

БҚО Бәйтерек ауданының соты бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы сотының 2024 жылғы 17 қаңтардағы үкімі бойынша ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша сотталған Т.мемлекет үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК 361-бабы 4-бөлігі),-деп хабарлайды БҚО сотының баспасөз қызметі.

Сот не белгіледі:

2015-2016 жылдары Т. аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы ретінде, лауазымдық өкілеттіктерін асыра және оларды қызметтің мүдделеріне қайшы пайдаланды, атап айтқанда, азаматтар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында Б., М., К., К., Б., Н., Б., Х., соңғысы мемлекеттен кадастрлық құны төмен 8 ірі жер учаскесін «бау-бақша және саяжай құрылысын жүргізу үшін» заңсыз алуға жәрдем көрсетті, жылжымайтын мүлікті сатудан бюджетпен толық алынбаған ақшалай қаражат түрінде аса ірі мөлшерде (102 млн теңге) мемлекетке залал келтіру нысанында ауыр зардаптардың туындауына себеп болды.

Тараптардың ұстанымдары:

Прокурор соттан 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, мүлкі тәркіленбей, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі соттың қалауы бойынша жаза тағайындауды және мемлекетке 102 млн теңге көлемінде келтірілген материалдық залалды өндіріп алуды сұрады. Сотталушы кінәні мойындамай, оның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығынан ақтауды сұрады.

Сот неге және қандай жаза тағайындады:

 ҚК 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны қарастырады. Сот үкімімен Т.өзіне айыпталған ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын, сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән – жайлардың жоқтығын, оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлардың болуын-үш жас баланың болуын, Т. – ның денсаулық жағдайын ескерді. Сот Т. – ны мүлкі тәркіленбестен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды: іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылған жалпы ауданы 45,9026 га 9 жер учаскесі заттай дәлелдемелер қатарынан алынып тасталды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-09
Утром19.76 ℃
Днем30.64 ℃
Вечером32.33 ℃
Ночью29.27 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра2.53 м/с
2025-07-10
Утром22.98 ℃
Днем32.37 ℃
Вечером33.77 ℃
Ночью26.79 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.93 м/с