БҚО-да автожол саласында 271 млн теңге негізсіз жұмсалған

Батыс Қазақстан облысында автомобиль жолдарын паспорттау жүргізілмеген.

«ОА» мұрағатынан

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллиннің мәлім еткеніндей, соның салдарынан автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмыстары жүйесіз атқарылуда.

Біржан Марданұлының сөзіне қарағанда, мысалы, Орал қаласында Абай, Назарбаев даңғылдары мен Сарайшық көшесі соңғы жылдары бірнеше рет жөнделген. Ал Е.Тоқсанов, Т.Жароков және Преображенская көшелерінің жолдарына кейінгі 20 жылда бірде-бір жөндеу жасалмаған.

-2019 жылдан бері жергілікті атқарушы органдардың тапсырысымен автомобиль жолдары бойынша 195 жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Алайда соның 68-і жүзеге аспай қалған, қазір бұларды қолдану мерзімдері өтіп кеткен. Яғни бюджеттің 271,2 млн теңгесі негізсіз жұмсалған, – дейді Б.Хайруллин.

Оның айтуынша, өңірде орташа жөндеуге арналған ЖСҚ бола тұра, күрделі жөндеуге жаңадан жобалық-сметалық құжаттама жасау деректері де тіркеліп отыр. Атап айтқанда, 2021 жылы Бөкей ордасы ауданында Мұратсай ауылына кіреберіс жолға орташа жөндеуге 1,8 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Кейін күрделі жөндеуге қайтадан құжаттама жасалды. Осыған ұқсас жағдай Казталов ауданы Беспішен-Қошанкөл-Қараоба жолын жөндеу барысында орын алды. Мұнда орташа жөндеу жобасын әзірлеуге 1,3 млн теңге бюджет қаржысы жұмсалған. Кейін күрделі жөндеуге қайтадан құжаттар дайындалған.

-Жасалған жобалық-сметалық құжаттамалардың дер кезінде жүзеге асырылмауының негізгі себебі – қала мен аудан әкімдіктерінің мәселені толық қадағаламауы деп есептейміз, – дейді Б.Хайруллин.

kaz.inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром21.07 ℃
Днем29.52 ℃
Вечером30.19 ℃
Ночью27.42 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.85 м/с
2025-07-14
Утром20.83 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером26.95 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.47 м/с