Еңбек шартының орнына ЖК: қазақстандықтар әлеуметтік кепілдіктерден айырылу қаупінде

Бұл жағдайда еңбек заңнамасы аясында қызметкерлердің құқықтары қорғалмайды. 

Қазақстандықтарға еңбек шартының орнына ЖК арқылы жұмыс істеу жиі ұсыныла бастады. Сарапшылар бұл трендті ҚҚС мөлшерлемесінің артуымен байланыстырады. Кәсіпкерлер үшін бұның белгілі бір артықшылықтары болғанымен, қызметкерлер еңбек және әлеуметтік кепілдіктерден айырылады, деп хабарлайды «31 арна».

Жуырда үкімет жаңа Салық кодексіне ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеуді ұсынды. Алайда жалақы қорына түсетін жүктемені азайту жоспарланып отырған жоқ. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде 100 теңге жалақыға жұмыс беруші 40-45 теңге қосымша төлем жасауға мәжбүр. Сол себепті бизнес әлеуметтік аударымдарды үнемдеуге тырысып, жалақының бір бөлігін «конвертпен» беру тәжірибесін қолданады.

«Олардың әлеуметтік аударымдарды төлеу міндеттемесі 10-15 есеге қысқарады. Айына 300 мың теңге табыс тапқанымен, іс жүзінде ең төменгі шекті 85 мың теңге қояды, тиісінше, зейнетақы жарналары да сол сомадан есептеледі. Әлеуметтік аударымдарға да дәл сондай әсер етеді», – дейді салық жөніндегі сарапшы Айдар Масатбаев.

Бұл жағдайда еңбек заңнамасы аясында қызметкерлердің құқықтары қорғалмайды. Әлеуметтік кепілдіктер, аурухана төлемдері, декреттік демалыс, зейнетке шығу мәселелері тәуекелге ұшырайды, сондай-ақ жұмыс берушімен соттасу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.78 ℃
Вечером-12.19 ℃
Ночью-13.47 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.86 ℃
Днем-16.43 ℃
Вечером-19.12 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра6.71 м/с