БҚО-да тұрғындарды 200 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты алты эпизод бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындарды 200 миллион теңгеге алдаған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының бірнеше тұрғынын алдап, олардан 200 миллион теңгеден астам қаражат иемденген ер адамды ұстады. Күдікті азаматтарға жоқ бизнеске ақша салуды ұсынып, олардың сеніміне кірген.

Ұсталған алаяқ – Түркістан облысының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол әлеуметтік желі арқылы бір әйелмен танысып, өзін iPhone смартфондарын көтерме бағамен көршілес елдерге қайта сататын кәсіпкер ретінде таныстырған. Сенімге кірген алаяқ жәбірленушіге осы бизнестің тиімді екенін айтып, оған ақша салуды ұсынған. Әйел оған екі пәтерін сатып, түскен қаражат пен жеке жинақтарын берген. Нәтижесінде оның шығыны 77 миллион теңгеден асқан.

Сонымен қатар алаяқтың құрбаны болған әйелдің туыстары мен таныстары да оның «тиімді» инвестиция ұсынысына сеніп, қаражаттарын берген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты алты эпизод бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы шығын көлемі 200 миллион теңгеге жуық. Тергеу барысында күдікті ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны және букмекерлік кеңселерде ұттырып жібергені анықталды.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағылық танытуға және қаржылық инвестицияларға қатысты мәселелерде бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром23.42 ℃
Днем28.95 ℃
Вечером29.92 ℃
Ночью23.97 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.01 м/с
2025-07-14
Утром19.72 ℃
Днем25.61 ℃
Вечером28.33 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра3.87 м/с