Борышты зейнетақыдан ұстап қалуға тыйым салу. Үкімет неге бұған қарсы

Министрлер кабинеті бұл қадам банктердің зейнеткерлерге несие беруді шектеуіне әкеледі деп есептейді.

фото: dpo-nvdk.uniyar.ac.ru

Қазақстанда борышкер жандардың есепшотынан қарызды өндіріп алу тәжірибесі қолданылады. Бірақ, Үкімет қарызды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді және тағы басқаны аударуға арналған банк шоттарындағы ақшадан алуға тыйым салған. Бұл қатарға зейнетақы төлемдерін қосу туралы мәжіліс депутаттарының ұсынысына премьер-министр Олжас Бектенов жауап берді. 
Айта кетейік, қазіргі таңда зейнетақы бұл жеңілдікке ие төлем түрлеріне жатқызылмаған. Әлеуметтік кодекстің 203-бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін. Алайда, зейнетақыдан ұстап қалу төлемі 50 пайыздан аспауы керек. 

«Ұлттық банктің ұстанымы бойынша, егер зейнетақы төлемдерін үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан толық қорғау енгізілетін болса, онда зейнеткерлерге берілетін несиелердің қайтарылуын қамтамасыз етуі қиынға соғуы ықтимал. Осылайша, банктер өз кезегінде аталған санаттағы азаматтарға несие беруді қатаңдату немесе оны тоқтатуды қарастыру мүмкін. Алайда, бұл осы банк өнімін пайдаланатын зейнеткерлер арасында келіспеушілік туғызады», – деп жауап берді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің сөзінше, зейнеткерлердің қарызын кешіру барлық қарыз алушылардың, оның ішінде төлеу қабілеттілігі бар азаматтардың наразылығын тудыруы, масылдықтың өсіріп, кредиттік тәртіпке теріс әсер етуі мүмкін. 

Дереккөзі: informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром21.07 ℃
Днем29.52 ℃
Вечером28.7 ℃
Ночью25.47 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.85 м/с
2025-07-14
Утром20.83 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером26.95 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.47 м/с