Цой, Ломтадзе, Турлов: Қазақстандық 7 кәсіпкер әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде жүр

Forbes 1987 жылдан бері әлемдегі миллиардерлерді бақылап келеді. 

Коллаж: sn.kz

Рейтингке жалпы байлығы 38,8 миллиард доллар болатын ел бизнесмендері кіріп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Kaspi акционері Вячеслав Ким қазақстандық миллиардерлер сапында көш бастап тұр. Оның байлығы 7,1 миллиард долларды құраған. Осылайша, кәсіпкер әлемдік тізімдегі 511-орыннан 464-орынға көтерілді. Бір жыл көлемінде Кимнің капиталы 1,3 миллиардқа өскен көрінеді. 

Екінші орынға Kaspi-дің тағы бір акционері Михаил Ломтадзе жайғасқан. Бизнесменнің байлығы – 5,9 миллиард доллар. Ол мұндай қаржысымен жер-жаһандағы ең бай 597-орындағы кәсіпкер атанған. 

Ал Freedom Holding иесі Тимур Турлов үлкен прогресс жасап, ел миллиардерлері арасында үздік үштікке енді. Оның байлығы екі есеге жуық өскен, яғни 3,3-тен 5,8 миллиард долларға дейін артқаны байқалады. Forbes жариялаған әлемдік рейтингте ол көптеген танымал кәсіпкерді артқа тастап, бірден 605-орынға көтерілді. Бұған дейін Турлов 991-орында тұрған еді. 

Төртінші орын – KAZ Minerals және Kazmys акционері Владимир Кимдікі. Өткен жылы оның байлығы 3,6 миллиард долларға болған, қазір ол 5,7 миллиард долларға жеттіп отыр. Тізімде 896-орыннан 620-орынға көтерілген. 

Тимур мен Динара Құлыбаевтардың әрқайсысында 5,3 миллиард доллар бар, олар әлемдік рейтингте 673-орынға жайғасқан. 

Forbes рейтингіне қазақстандықтар арасында ForteBank акционері Болат Өтемұратов та енген. Оның байлығы 1 миллиард долларға өсіп, 3,7 миллиард долларға жетті. Бұл оған 1238-орыннан 979-орынға көтерілуге мүмкіндік сыйлады. 

Айта кетейік, Forbes 1987 жылдан бері әлемдегі миллиардерлерді бақылап келеді. 

– Алғашқы жылы біз 140 адамды таптық. Олардың саны 1000-нан асу үшін екі онжылдық қажет болды. 2017 жылы олардың саны 2000-ға жетті. Енді, сегіз жылдан кейін, жаңа шекке жеттік: биылғы рейтингте 3028 кәсіпкер, инвестор және мұрагер бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 247 адамға артық.

Сонымен қатар, миллиардерлердің саны ғана емес, олардың жалпы байлығы да өсті. Олар бұрынғыдан да бай, жалпы капиталы – 16,1 трлн доллар. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 2 трлн долларға көп. АҚШ-та миллиардерлердің рекордтық саны – 902, одан кейін Қытай (Гонконгты қосқанда 516) және Үндістан (205). Біз 2025 жылдың 7 наурызындағы жағдай бойынша акциялар бағалары мен айырбас бағамдары туралы деректерді қолдандық, – деп жазды басылым.

Әлемдік рейтингті Илон Маск, Марк Цукерберг пен Джефф Безос сынды танымал тұлғалар бастап тұр. Олардың байлығы – 342 млрд доллар, 216 млрд доллар және 215 млрд доллар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром19.09 ℃
Днем28.56 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.15 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.77 м/с
2025-07-18
Утром19.22 ℃
Днем29.16 ℃
Вечером28.27 ℃
Ночью22.02 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.68 м/с