Оралда 27 көппәтерлі үй мен коммерциялық нысанның жоспарға сай келмейтіні анықталды

Орал қаласында егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына өзгерістерді негізсіз енгізу деректері анықталды.  

Фото: Halyq Uni

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуровтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, қаланың бас жоспарында Орал-Желаев тас жолының бойындағы жер телімдері санитарлық қорғау аймағына жатқызылған.

Әділхан Бәделханұлының сөзіне қарағанда, бұл аумақ жасыл желектермен көмкеріліп, тұрғындарды зиянды заттардың әсерінен қорғауы тиіс болған.

Сол жерде сквер жасау көзделгеніне қарамастан, 2023 жылы 9 қабатты тұрғын үй салынған. Бұл түзету инвестор мен тапсырыс берушінің өтінішінсіз жасалған.

-Сонымен қатар құрылыс туралы шешімдер жөнінде қала тұрғындары хабардар емес, өйткені заңнамада қарастырылған қоғамдық тыңдаулар өткізілмейді. Бұдан бөлек, қаланың сәулет келбеті сақталмайды. Көпқабатты үйлер жеке сектормен араласып кеткен. Тротуарларда автотұрақтың салыну деректері де бар. Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі берген рұқсат құжаттарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен салыстыру барысында 27 көппәтерлі тұрғын үй мен коммерциялық ғимараттың жоспарға сәйкес келмейтіні анықталды, – дейді Ә.Сабуров.

Оның айтуынша, сондай-ақ мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінде мемлекеттік мекемелерге тиесілі жер телімі аумағының дұрыс көрсетілмеуі орын алған.

-Айталық, зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен мектеп-интернат-колледжінің теңгерімінде мемлекеттік актіге сәйкес аумағы 3,78 гектар жер телімі бар. Алайда жер кадастры жүйесінде осы жер телімі жасанды түрде 2,2 гектарға дейін азайтылып, қалған бөлігі бос деп көрсетілген. Соның салдарынан 2016 жылы қаланың перспективалы ауданында орналасқан жер телімінің бір бөлігі жеке тұлғаға көппәтерлі тұрғын үй салу үшін берілген. Бірақ үй тұрғызылмаған. Біздің араласуымыздан кейін ғана бұл жер телімі мемлекетке қайтарылды, – деді департамент басшысы.

kaz.inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром21.07 ℃
Днем29.52 ℃
Вечером30.19 ℃
Ночью27.42 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.85 м/с
2025-07-14
Утром20.83 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером26.95 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.47 м/с