Трамптың тарифтері: Үшінші рецессия бастала ма?

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің көптеген елдеріне баж салығын енгізді. Минималды түрде 10 пайыздан басталатын салық 184 елге салынған. АҚШ басшысы Қазақстанға 27 пайыз баж салығын белгіледі. Сарапшылар Трамптың тарифтерге қатысты шешімі әлемдік сауда соғысын ұлғайтып, әлемдік экономикаға соққы жасайтынын айтуда. Ал Axios басылымының сарапшылары әлемдік рецессия басталатынын болжауда.

Экономистердің пікірінше ХХІ ғасырда екі ауқымды рецессия болды. Біріншісі, 2008-2009 жылдары болып, әлемдегі ресурстардың арзандауы қаржылық дағдарысқа әкелді. Екіншісі, 2020 жылы басталды және COVID-19 пандемиясымен тікелей байланысты еді.

Ал рецессия дегеніміз не? Рецессия (латынша Recessus – шегіну) – экономикада (жекелеп алғанда макроэкономикада) өндірістің салыстырмалы түрде бірқалыпты, ауыр салдарсыз төмендеуі немесе экономикалық даму қарқынының баяулауы. Бұл Жалпы ұлттық өнімнің нөлдік өсімімен немесе оның жарты жылдан астам уақыт бойы құлдырауымен сипатталады. Рецессия – экономика циклінің бумнан немесе ұзақмерзімді дамудан кейінгі депрессияға ұласатын бір фазасы.

Трамп 2-сәуір күні тарифтерді көтеріп, «Еркіндік алу күнін» жариялады. Осылайша ол «ұзақ жылдар бойы қалыптасқан әділетсіз сауда келісімдерін қайта қарау керектігін» айтты. Сарапшылар Трамптың жаңа шешімдері әлемдік экономикада рецессияны бастайды дейді.

2024 жылы Америка Құрама Штаттары 3,3 трлн доллардың тауарын импорттаған. Бұл орта есеппен әр отбасыға 25 мың доллардан келеді дегенді білдіреді. Evercore компаниясының есептеуі бойынша жаңа тарифтер орта есеппен 29 пайыз болса, онда американдық импорттаушылар жыл сайын 1 трлн доллар төлеуіне тура келеді. Сарапшылардың болжамынша көптеген сала бұл тарифтерге жауап бере алмайды және импорттауды тоқтатады.

АҚШ тауарының импорты азаятын болса, Еуропа елдері мен Қытайдың да экономикасы соққы алмақ. Қытай тауарына 54 пайыз тариф енгізілді. АҚШ-та Қытайдың арзан тауарына мүдделі миллиондаған отбасы бар. Жаңа тарифтер Қытай тауарының бағасын қымбаттатып, АҚШ қоғамындағы ондаған миллион адамның наразылығын туындатуы ықтимал.

Әйгілі Fitch-тің бағамдаушысы Олу Сонола былай дейді: «Күні кеше қабылданған шешім адамзат экономикасындағы бетбұрыс кезеңінің бірі. Көптеген елдер рецессияға ұшырады».

Ал JPMorgan сарапшылары болса былай деп сөз саптауда: «АҚШ басшылығы дәл осы саясатын жалғастыра берсе, АҚШ-тың өзінде және әлемде рецессия басталады. Бұл тығырыққа әкелетін жол».

Әлем елдері Трамптың тариф саясатына реакция білдіруде. Қытай қарымта жауап ретінде АҚШ тауарларына тарифті көтеретінін айтса, ЕО елдері жақын күндері АҚШ-қа бірлесе баж салығын көтеретінін мәлімдеді.

Mezgil.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром19.09 ℃
Днем28.56 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.15 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.77 м/с
2025-07-18
Утром19.22 ℃
Днем29.16 ℃
Вечером28.27 ℃
Ночью22.02 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.68 м/с