Қымбатшылық: блогер азық-түлік бағасы бір жылда қаншаға өскенін көрсетті

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл деректерге ерекше назар аударып, соңғы жылдардағы азық-түлік бағасының бақылаусыз қымбаттауына алаңдаушылық білдірді.

Коллаж: Halyq Uni

Қарапайым тұрмыстық эксперимент ресми инфляция көрсеткіштерін тағы да растады. Қазақстан азаматы 2024 жылдың басында супермаркеттен азық-түлік сатып алып, түбіртегін сақтап, араға бір жыл салып, дәл сол өнімдерді қайта сатып алғн. Нәтижесінде, азық-түлік себетінің құны 21%-ға қымбаттағаны анықталды. Бұл дерек әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азық-түлік инфляциясы расталды

Бағаның ең үлкен өсімі халық жиі тұтынатын негізгі азық-түліктерден байқалды:

  • Пияз – 74 теңгеден 144 теңгеге дейін (өсім – шамамен екі есе);
  • «Цесна» ұны – 803 теңгеден 1067 теңгеге дейін;
  • Тауық филесі – 2589 теңгеден 2693 теңгеге дейін;
  • «Макфа» қарақұмық жармасы – 765 теңгеден 799 теңгеге дейін;
  • Күріш – 1155 теңгеден 1199 теңгеге дейін.

Бір қарағанда, кей өнімдердің қымбаттағаны аса қатты байқалмауы мүмкін. Алайда күнделікті шығындарға келгенде мұндай өсім айтарлықтай ауыртпалық салатыны сөзсіз.

Бағасы өзгермеген өнімдер де бар

Азық-түлік бағасы жаппай қымбаттағанымен, кейбір тауарлар бағасын тұрақты сақтап қалған:

  • «Макфа» макароны – 447 теңгеден 445 теңгеге дейін аздап арзандаған;
  • Қияр – 995 теңгеден 989 теңгеге төмендеген.

+7023 теңге

2024 жылы азық-түлік себетінің жалпы құны 33 249 теңге болса, 2025 жылы дәл сол өнімдер үшін 40 272 теңге төлеуге тура келген. Яғни, бір жылда баға 7023 теңгеге, яғни 21%-ға өскен.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл деректерге ерекше назар аударып, соңғы жылдардағы азық-түлік бағасының бақылаусыз қымбаттауына алаңдаушылық білдірді. Көпшілік билік тарапынан нақты шаралар қабылдануы керектігін айтып, пікір қалдырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-05
Утром-0.01 ℃
Днем1.25 ℃
Вечером0.41 ℃
Ночью0.3 ℃
Влажность77 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра2.18 м/с
2025-12-06
Утром0.33 ℃
Днем1.44 ℃
Вечером0.06 ℃
Ночью-0.65 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра2.29 м/с