Атырау облысында кене қаптап, киік қырылып жатыр

Ең көп өлім-жітім Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр. Экология министрлігі мамандары киіктердің жаппай қырылуын олардың табиғи өмірлік циклімен байланыстырды.

Ашық дереккөзден

Атырау облысында кене қаптады. Әсіресе Құрманғазы ауданындағы жайылымдарға зиянкестер қаптады дейді шаруалар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, түрлі індет тарататын қансорғыштардың кесірінен киіктер де қырылып жатыр екен. 

Жазық далада жануарлардың өлексесі шашылып жатыр. Киікті қырған кене енді төрт түлікті талап жатқан көрінеді. Сондықтан шаруалар зиянкестермен өздері күресуде.

— Жайылымды дәрілеп, оның алдын алмаса, малымыз арам өлетін болды, дейді тұрғындар.

Бұл ауданда ақбөкендер Азғыр, Асан, Сүйіндік ауылдарының аумағында шоғырланған.

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ

Құрманғазы ауданы әкімдігінің мәліметінше, қазір ауданға киіктерге жауапты мекеме мамандары, ветеринарлар шақыртылған.

— Сүйіндік ауылының айналасында он шақты киіктің өлексесі табылды. Бірақ кенеден төрт-түлік қырылып жатқан жоқ. Ауданда кесел, індет таралған жоқ, дейді Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев.

БЕС ОБЛЫСТАҒЫ ЖАҒДАЙ

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бес облысында қырылған киіктердің өлексесі табылғанын хабарлаған едік. Ең көп өлім-жітім Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр. Экология министрлігі мамандары киіктердің жаппай қырылуын олардың табиғи өмірлік циклімен байланыстырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-12
Утром9.84 ℃
Днем20.9 ℃
Вечером17.2 ℃
Ночью13.1 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.65 м/с
2026-10-13
Утром9.97 ℃
Днем20.58 ℃
Вечером17.1 ℃
Ночью15.23 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра3.66 м/с