БҚО-да биыл 3 айда 135 өрт оқиғасы тіркелді

Батыс Қазақстан облысында биыл бастапқы үш айда 135 өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жаудан 1 адам қаза тапқан. 

Фото: БҚО ТЖМ баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде БҚО ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Мереке Жұмағалиев өрт кезінде 1 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алғанын айтты. Сондай-ақ ол өрттен келген шығын 21 млн 280 мың теңгеден асқанын атап өтті. 

Былтыр осы кезеңмен салыстырғанда, өрт саны 2,8 пайызға (139-дан 135-ке), жарақат алғандар 4 дерекке (5-тен 1-ге) азайған. Тұрғын үй секторында 70 өрт болып, 2024 жылғыдан (76) 7,9 пайызға кеміді. 

— Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығына сәйкес облыс аумағындағы мемлекеттік орман қорының жерлерінде өрттің қауіпті маусымы 14 сәуірден басталады. Алайда бүгінге дейін өңірде далада аумағы 147 гектарды қамтыған 13 жану оқиғасы болды. Департамент жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп алдағы қауіпті мерзімде өрттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр, — деді М.Жұмағалиев. 

Оның айтуынша, департамент жасағында 186 техника бар. Оған қосымша 9 техника жеке құрамды өрт орнына жедел жеткізеді. Өрт сөндіруге тартылған күштермен радиобайланыс орнату үшін командалық-штабтық машина пайдаланылады. Ол барлық ірі табиғи өртке тартылады. 

Облыста 182 елді мекенде жергілікті атқарушы органдар құрған 37 өрт сөндіру бекеті болса, соның төртеуі жыл бойына, қалғаны маусымдық қызмет атқарады. 

— Рейдтік іс-шараларды өткізу мақсатында облыс бойынша құрамында 84 адам бар 15 мобильді топ құрылды. Күні бүгін 22 рейд өткізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 28 адам 589 800 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді БҚО ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром13.29 ℃
Днем20.04 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с