БҚО-да мемлекеттік сатып алудың заңдылғын бұзғандар жазаға тартылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жүргізген мониторинг шеңберінде мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы мониторинг барысында «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі бір көзден тікелей келісімшарт жасасу әдісін пайдаланып, ашық конкурстар өткізбей, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарына қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бойынша ЖШС-мен келісімшарт жасағаны белгілі болды.

Оған ұқсас жағдай «Сырым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі көппәтерлі коммуналдық үйді ағымдағы жөндеуге және коммуналдық тұрғын үйдің шатырын жөндеуге қатысты шарттар жасасу кезінде анықталды.

Департаменттің ұсынысымен уәкілетті мемлекеттік органдар кінәлі лауазымды тұлғаларды жалпы сомасы 1 902 680 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алулардың заңдылығын тексеру барысында «Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК баға ұсыныстарын сұрау әдісін қолдана отырып, ғимаратты жөндеуге 5,3 миллион теңгеге сатып алуды жүзеге асырғаны және жеңімпазды анықтағаны белгілі болды.

Сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс материалдарының белгілі бір брендтерін заңсыз көрсетіп, тауарларды сатып алуға интернет-дүкенге сілтеме жасағаны анықталды, осылайша жеткізушіге заңсыз талаптар қойылды.

Қадағалау актісіне сәйкес сатып алу нәтижелері заңсыз деп танылып, күші жойылды, ал кәсіпорын директоры Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 207-бабының 1-бөліміне (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасын бұзу) сәйкес 98 300 теңге көлеміндегі айыппұл салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-13
Утром-4.39 ℃
Днем-1.36 ℃
Вечером-2.72 ℃
Ночью-4.09 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.3 м/с
2026-01-14
Утром-7.63 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-8.04 ℃
Ночью-8.74 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.38 м/с