Трамп Қытайға 9 сәуірден бастап 50% қосымша баж салығын енгізетінін ескертті

7 сәуірде Қытай СІМ өкілі Линь Цзянь АҚШ-тың баж салығын теріс пайдалануын экономикалық буллинг деп сипаттап, бұл шараның басқа елдерге ғана емес, Вашингтонның өзіне де зиян келтіретінін айтты.

Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп егер Қытай Халық Республикасы америкалық тарифтерге жауап ретінде қабылдаған шараларды жоймаса, 9 сәуірден бастап Қытайдан келетін тауарларға 50% қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды baq.kz.

Осылайша, Трамп Қытайдың 34%-дық жауап тарифтеріне реакция ретінде осындай қадамға бармақ.

«Егер Қытай 2025 жылдың 8 сәуіріне дейін 34%-дық өсімді тоқтатпаса, АҚШ 9 сәуірден бастап Қытайға 50% қосымша тарифтер енгізеді. Сонымен қатар, Қытаймен біз сұраған кездесулерге қатысты барлық келіссөздер тоқтатылады!», — деп жазды Трамп.

Еске сала кетейік, 2 сәуірде Трамп сауда саласындағы ауқымды шараларды жариялап, АҚШ-қа жеткізілетін барлық өнімдерге 10% базалық тариф енгізілетінін мәлімдеді. Еуроодақ үшін бұл көрсеткіш 20%-ға, ал Қытай үшін 34%-ға дейін көтерілді. 4 сәуірде Қытай АҚШ-қа қарсы 34% баж салығын енгізді.

7 сәуірде Қытай СІМ өкілі Линь Цзянь АҚШ-тың баж салығын теріс пайдалануын экономикалық буллинг деп сипаттап, бұл шараның басқа елдерге ғана емес, Вашингтонның өзіне де зиян келтіретінін айтты. Оның пікірінше, бұл басқа мемлекеттердің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіріп, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ережелерін бұзады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-13
Утром-4.39 ℃
Днем-1.36 ℃
Вечером-2.72 ℃
Ночью-4.09 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.3 м/с
2026-01-14
Утром-7.63 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-8.04 ℃
Ночью-8.74 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.38 м/с