Несиелер барлығына бірдей бола бермейді: енді кімге қарыздан бас тартылады

Енді 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар кепілсіз тұтынушылық несиені «электрондық үкімет» порталы арқылы келісім алғаннан кейін ғана ала алады. Бұл норма заңға тәуелді актілерде жазылады.

2025 жылғы 9 сәуірде өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Енді 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар кепілсіз тұтынушылық несиені «электрондық үкімет» порталы арқылы келісім алғаннан кейін ғана ала алады. Бұл норма заңға тәуелді актілерде жазылады.

Жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Стамбеков сол уақыттан бері депутаттар құжатқа бірқатар жаңа норма енгізгенін хабарлады. Оның ішінде кепілсіз тұтынушылық онлайн-несиелерді беру кезінде «салқындату кезеңін» (24 сағат) енгізу, бірінші рет несие алатын азаматтар үшін банкте немесе микроқаржы ұйымының филиалында міндетті түрде болуы, азаматтардың жекелеген санаттарына кепілсіз тұтынушылық несиелерді тек «электронды үкімет» арқылы олардың келісімін алғаннан кейін ғана беру талаптары бар.

Сондай-ақ ұялы телефон абонентімен байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасу кезінде міндетті биометриялық сәйкестендіруді енгізу, әскери қызметшілерге әскери борышын өтеу кезінде несиелер мен микрокредиттер беруге тыйым салу және басқа да нормалар қарастырылған.

Депутаттар қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін азаматтарға, оның ішінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарына қосымша шаралар қарастырған. Бұл санаттағы азаматтардың экономикалық жағдайы нашарласа, міндетті түрде кемінде үш ай мерзімге айыппұл есептемей несие мен микрокредиттер төлеу кейінге шегеріледі. Сондай-ақ олардың ай сайынғы төлемі 50 пайызға немесе одан да көп мөлшерге азайтылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-15
Утром-12.85 ℃
Днем-12.73 ℃
Вечером-14.93 ℃
Ночью-15.61 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.92 м/с
2026-01-16
Утром-15.45 ℃
Днем-12.75 ℃
Вечером-12.99 ℃
Ночью-14.75 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.68 м/с