Кеше кеште журналист Лұқпан Ахмедяровты полиция ұстап әкетті

Журналист өзінің ұсталуын жуырда жарияланған мақаласымен байланыстырады. Ол мақалада Ресейге алданып барған қазақстандықтар туралы баяндалған еді.

Журналист полиция әкетер алдында әлеуметтік желідегі парақшасында видео түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОНЫ НЕ ҮШІН ҰСТАУЫ МҮМКІН

Әлеуметтік желідегі парақшасына журналист видеоны полиция көлігінің ішінде түсірген.

Жаңа ғана түсірілім жүргізіп жатқанбыз. Мені жаңа ұстады. Полиция қызметкерлері күштеп көлікке отырғызды. Ешқандай түсінік берерлік қағаз көрсеткен жоқ. Рауль мен Еркебұланды да ұстамақ. Менің үстімнен қылмыстық іс қозғалғанын айтты, сол іс шеңберінде жауапқа тартқалы жатыр. Қазір біз полицияға бара жатырмыз. Нақты қайда апара жатқанын білмеймін. Мені Триатлон бақтың маңайында ұстады, – деп айтып үлгерді Лұқпан Ахмедяров.

Журналист өзінің ұсталуын жуырда жарияланған мақаласымен байланыстырады. Ол мақалада Ресейге алданып барған қазақстандықтар туралы баяндалған еді. «Олардың туыстары маған хабарласып, соғысқа баруға мәжбүрлеп жатқанын айтты. Бүгін Қазан қаласындағы Қазақстан консулдығы бұл ақпаратты жоққа шығарып, шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. Бәлкім, менің ұсталуым осы жағдаймен байланысты болар» деп үлгерді журналист.

Ulysmedia.kz тілшісі Ішкі істер министрлігіне осы факт бойынша ұялы телефон арқылы сұрағанымен әлі жауап алған жоқ.

Журналист Лұқпан Ахмедьяров жалған ақпарат бойынша қылмыстық істе қорғау құқығымен куәгер болып өтуде.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі «Курсивке» Орал тұрғынының өтініші бойынша жауап алынуда деген.
Осы негізде полиция ҚР ҚК 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша тергеуді бастаған.

Лұқпан Ахмедьяров кеше түнде Астана полициясынан жауап алудан шықты. Жауап алу таңартең жалғасады.

Журналист қылмыстық іс қозғалғанын және оның куәгер мәртебесін қорғау құқығымен растады. Бірақ ол басқа мәліметтерді бермеді.

ЖУРНАЛИСТ ЖАЙЛЫ

Лұқпан Сайлауұлы Ахмедяров — танымал журналист, азаматтық белсенді. Ол 1975 жылы 23 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Новопавловка ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география және биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, төрт жыл Ақсуат ауылында мұғалім болып қызмет атқарған. 2001 жылдан бастап «Уральская неделя» газетінде журналист ретінде жұмыс істеген.

Ахмедьяров өзінің кәсіби қызметі барысында бірнеше рет құқық қорғау органдары тарапынан қысымға ұшыраған. 2009 жылы сотқа “құрметсіздік білдіргені үшін” бес тәулікке қамауға алынған. 2011 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін референдум арқылы ұзартуға қарсы акцияға қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалған. 2012 жылы 19 сәуірде Ахмедяровқа қарулы шабуыл жасалып, ол сегіз пышақ жарақатын және травматикалық қарудан екі жарақат алған. Бұл оқиға халықаралық ұйымдардың назарын аударды. «Шекарасыз репортерлар» ұйымы оған 2012 жылы Питер Маклер атындағы халықаралық сыйлықты табыстады. Журналист Парламент сайлауына да түсіп көрмек болған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-15
Утром-13.5 ℃
Днем-12.73 ℃
Вечером-14.93 ℃
Ночью-15.61 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.92 м/с
2026-01-16
Утром-15.45 ℃
Днем-12.75 ℃
Вечером-12.99 ℃
Ночью-14.75 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.68 м/с