Қандай азық-түліктен салық ұсталмайды?

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен бірқатар қызмет түрлерін қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату ұсынылып отыр.

Фото: gov.kz/Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин Мәжілісте өтіп жатқан Қоғамдық палата отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауарды, кітап басып шығару мен археология саласындағы қызметтерді салықтан (ҚҚС) босату ұсынылып отыр. Бұл – үш бағыт бойынша ҚҚС-тан толық босату шарасы, — деді Амрин.

Оның айтуынша, бұл бастама салықтық жеңілдіктерді кеңейту аясында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қосымша жеңілдіктер қарастырылып жатқан жаңа пакет те әзірленіп жатыр.

Қазір біз қосымша ұсыныстар топтамасын әзірлеп жатырмыз. Ол бойынша да талқылаулар болады, — деді бірінші вице-министр жиында.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі:

Бірінші сортты бидай ұны;
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді);
Макарондар (өлшеніп салынатын);
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын):
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);
Картоп;
Асханалық сәбіз;
Басты пияз;
Ақ қауданды қырыққабат;
Ақ қант – құмшекер;
Күнбағыс майы;
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада;
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);
Тауық жұмыртқасы (I санатты);
Ac тұзы («Экстра»-дан басқа);
Сүзбе: майлылығы 5-9%.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром3.99 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с