Қазақстанда пойыз билеттерін сату ережелері өзгерді: Кімдерге басымдық беріледі

Жаңа ережелерге сәйкес жолаушылар пойыздарына билеттерді пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын және жөнелтуге 10 минут қалғанда дейін сатып алуға болады.

фото: ашық дереккөз

22 сәуірден бастап Қазақстанда теміржол билеттерін сату бойынша жаңа ережелер күшіне енеді. Билеттерді сату мерзімі, рәсімдеу тәртібі және мүгедектігі бар жолаушылар үшін шарттар өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа ережелерге сәйкес жолаушылар пойыздарына билеттерді пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын және жөнелтуге 10 минут қалғанда дейін сатып алуға болады. Бұрын билет сату пойыз кеткенге дейін бір тәулікте тоқтатылатын.

Қала маңына қатынайтын пойыздарға билеттерді 10 тәуліктен бастап, жөнелтуге 10 минут қалғанда дейін сатып алуға болады (бұрын – 1 тәулікке дейін ғана еді). Мүгедектігі бар жолаушыларға арналған арнайы купелерге өзгерістер енгізілді.

Бұрын барлық мүгедектігі бар жолаушы алғашқы күннен бастап арнайы купелерге билет рәсімдей алса, енді басымдық мына санаттарға ғана беріледі:

  • қозғалыста қиындықтары бар, І топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  • шұғыл медициналық көрсеткіштері бойынша жол жүретін адамдар мен оларды ертіп жүрген тұлғалар.

Бұл санаттағы жолаушылар билеттер сатылымға шыққан сәттен бастап арнайы купелерге билет рәсімдей алады, бірақ тек кассалар арқылы. Ал басқа санаттағы мүгедектігі бар жолаушыларға арнайы купелерге қолжетімділік жөнелтуге жеті тәулік қалғанда ғана беріледі.

Аумақтық пойыздарға билеттерді кассаларда, агенттіктерде, терминалдарда немесе интернет арқылы рәсімдегенде, енді міндетті түрде жолаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, жеке куәлік нөмірі көрсетілуге тиіс. Бұған дейін бұл талаптар нақты көрсетілмеген еді.

Еске салайық, бұған дейін елімізде 1 наурыздан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20% көтерілетіні айтылған еді. Жол жүру тарифінің шекті деңгейінің өзгеруі жоспарлы индекстеу аясында, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес 7% мөлшерінде жүргізіледі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром3.99 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с