Қазақстанда төрт жаңа газ өңдеу зауыты салынбақ

Сонымен қатар магистральды газ құбырлары модернизацияланып, өңірлерді газдандыру жұмыстары жалғасады. 

Сурет: Узтрансгаз

Қазақстанда төрт жаңа газ өңдеу зауыты салынбақ. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов халықаралық «Energy Trends: Gas & Petrochemicals» конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды “adyrna.kz” ұлттық порталы.

Вице-министр алдағы жылдары елімізде төрт жаңа газ өңдеу зауыты салынатынын атап өтті. Сонымен қатар магистральды газ құбырлары модернизацияланып, өңірлерді газдандыру жұмыстары жалғасады. 

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін газ өндіру көлемі 62,8 миллиард текше метрге жетеді. Ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 74 миллиард текше метрге шығады деген жоспар бар. Қазіргі уақытта Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты ескі алыптармен қатар, Рожков, Анабай, Өріктау сияқты жаңа кен орындары да жұмыс істеп жатыр. 

Жаңа зауыттар:

— Қашаған кен орнында жылына 1 және 2,5 миллиард текше метр қуаттылығымен екі зауыт салынады;

— Қарашығанақ кен орнында жылына 4 миллиард текше метр қуаттылығымен газ өңдеу зауыты;

— Жаңаөзенде ашылатын жаңа газ өңдеу зауыты жылына 900 миллион текше метр қуаттылыққа ие болады.

Жақын арада энергетика министрлігі 2025-2029 жылдарға арналған газ саласын дамыту бойынша кешенді жоспарды бекітпек. Министрлік 2029 жылдың соңына дейін газ саласына 25 миллиардтан астам доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром3.99 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с