Мәскеу моншасындағы оқиғадан соң. Бішкек Ресей елшісіне наразылық нотасын тапсырды

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Мәскеудегі «Бодрость» монша кешенінде қырғызстандық мигранттарға жасалған қорлық туралы ақпарат тараған еді.  

14 сәуірде Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Мәскеуде қырғыз азаматтарының не себепті жаппай ұсталғанын анықтау мақсатында Ресейдің Бішкектегі елшісі Сергей Варкуновты шақыртты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік мән-жайды түсіндіруді сұрап, елшіге нота тапсырды.

«Ресей тарапына құқық қорғау органдары жүргізген операцияның, сондай-ақ азаматтарға қарсы күш қолданудың себебі туралы ақпарат беру және күш қолдану негізсіз болған жағдайда осы оқиғаға байланысты Мәскеу қаласының құқық қорғау органдарының өкілдеріне қатысты тиісті шаралар қолдануды сұрайтын ресми нота табысталды», — делінген хабарламада.

Одан бөлек, министрлік Қырғызстан азаматтарының құқықтарын қорғау және ведомствода екі елдің қарым-қатынасына зиян тигізуі мүмкін осындай жағдайларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды сұрады.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Мәскеудегі «Бодрость» монша кешенінде қырғызстандық мигранттарға жасалған қорлық туралы ақпарат тараған еді.  Сол күні моншада болған қырғыз азаматтары еш себепсіз таяқ жегендерін мәлімдеді. Зардап шегушілердің бірі полиция қызметкерлерінің бес сағаттан өткеннен кейін ғана оқиға орнына келгенін жеткізді. Айтуынша, сол кезде моншада шамамен Қырғызстанның 60 азаматы болған.

Рейд нәтижесінде, ресми деректер бойынша, 24 адам ұсталған. Олардың кейбіріне «көші-қон заңын бұзғаны үшін» айыппұл салынған.

«adyrna.kz»

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-15
Утром-12.59 ℃
Днем-13.17 ℃
Вечером-14.99 ℃
Ночью-15.79 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.92 м/с
2026-01-16
Утром-15.45 ℃
Днем-12.67 ℃
Вечером-13.14 ℃
Ночью-14.44 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.75 м/с