Орал емханасында өрттен кейін бір жасқа дейінгі балаларды әдеттегідей қабылдайды
Бұл туралы №1 емхана директорының бала және босандыру жөніндегі орынбасары Жанна МУРСЕНОВА хабарлады. Белгілі болғандай, кеше, 14 сәуірде бір жасқа дейінгі балаларды қабылдау дәрігерлік қабылдау кестесіне сәйкес жүргізілді.

Емхананың негізгі кіреберісі уақытша жабық, ішке кіру сыртқы ауладан. – Кеше бір жасқа дейінгі балаларды қабылдау болды, жеті бала екпе алды, ал біздің мамандар бір жасқа дейінгі отыз баланы қабылдады. Емханада балалар да, ересектер де дәрігерлерді қабылдау штаттық режимде жүріп жатыр, — деді Жанна Мурсенова.
Естеріңізге сала кетейік, өрт туралы хабарлама 13 сәуірде сағат 14:36-да «112» нөміріне түскен болатын. Өрт №1 қалалық емхана ғимаратының бірінші қабатында орын алып, өрттің ауданы 15 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар өртті сағат 15:07-де оқшаулай алды. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ.
ТЖД алдын ала нұсқасы бойынша өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. №1 емханада жану фактісі бірінші рет емес. Осы жылдың ақпан айында дәрігерлердің қабылдауына келген науқастар қатты түтінге байланысты емхана ғимаратынан кетуге мәжбүр болды.
