БҚО-да 21 ауыл ішімдіктен бас тартты

Бұл бастаманың оң нәтижесі көп күттірмей көрінді – олардың 15-інде есептік кезеңде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

БҚО-да 21 ауыл ішімдіктен бас тартты – олардың 15-інде бірде-бір қылмыс тіркелмеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысында 21 ауылдық елді мекен спирттік ішімдіктерді тұтынудан және сатудан өз еркімен бас тартты. Бұл бастаманың оң нәтижесі көп күттірмей көрінді – олардың 15-інде есептік кезеңде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Алкогольден бас тартқан елді мекендер тізімі:

— Ақжайық ауданы – Жамбыл (Жамбыл а/о), Қарағай (Алғабас а/о)

— Жәнібек ауданы – Тегісшіл (Борсыл а/о), Жұмаев (Тау а/о)

— Казталов ауданы – Саралжын (Бірік а/о), Сарықұдық (Талдыпан а/о)

— Сырым ауданы – Жетікөл, Қосалар (Қосалар а/о), Абай (Сарой а/о)

— Тасқала ауданы – Жігер (Тасқала а/о), Ақкүтір, Қараой, Қызылбас (Ақтау а/о), Алмалы, Қалмақшабын, Кішіқұсақ (Қазақстан а/о), Талдыбұлақ, Еменжар (Чижин а/о), Қалмақ (Мереке а/о)

— Теректі ауданы – Ақсоғым (Ақсоғым а/о)

— Шыңғырлау ауданы – Ақсуат (Қарағаш а/о).

Бұл деректер салауатты өмір салты мен қоғамдық тәртіптің тығыз байланысын айқын көрсетіп отыр. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 43 азамат мәжбүрлі түрде емдеу мекемелеріне жіберілді.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйде болу) 2049 хаттама толтырылды.

Сондай-ақ алкоголь өнімін тыйым салынған уақытта немесе 21 жасқа толмағандарға сатқан 66 дүкен иесі әкімшілік жауапқа тартылды.

Алкогольден бас тарту – бұл тек денсаулық кепілі ғана емес, жас ұрпаққа үлгі боларлық маңызды шешім. Мұндай бастамалар қоғамдық қауіпсіздік пен ел болашағына жауапкершілікпен қараудың көрінісі.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-22
Утром-11.81 ℃
Днем-8.23 ℃
Вечером-10.49 ℃
Ночью-12.64 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.02 м/с
2026-01-23
Утром-13.46 ℃
Днем-11.43 ℃
Вечером-14.95 ℃
Ночью-19.11 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.05 м/с