Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

Елімізде 13 сәуірден бастап ата-аналар мен басқа да жақын туыстар арасында баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне байланысты дауларды шешудің бірыңғай ережесі қолданысқа енгізілді.

Ашық дереккөзден

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауларды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елімізде 13 сәуірден бастап ата-аналар мен басқа да жақын туыстар арасында баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне байланысты дауларды шешудің бірыңғай ережесі қолданысқа енгізілді. Бұған дейін бұл мәселелерді қорғаншылық органдары қарағанымен, әр өңірде әртүрлі тәсіл қолданылған болатын.

Енді Оқу-ағарту министрлігі бекіткен ортақ тәртіп барлық өңірде бірдей іске асады.

Ата-анаға немесе жақын туыстарына, яғни атасына, әжесіне, ағасына немесе әпкесіне баламен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылған жағдайда баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына өтініш бере алады.

Өтінішке мына құжаттар қоса тіркеледі:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар;
  • соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
  • мекен жайын растайтын құжат.

Қорғаншылық органы өтінішті 15 жұмыс күні ішінде қарап шығады. Осы мерзімде мамандар екі тараппен жеке сөйлесіп, қажет болса тұрмыстық жағдайды зерделейді. Егер бала 10 жасқа толған болса, оның да пікірі ескеріледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.44 ℃
Вечером27.73 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.58 ℃
Днем27.06 ℃
Вечером25.64 ℃
Ночью21.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.54 м/с