Лұқпан Ахмедьяровтың үстінен өзінен көмек сұрап келген әйел арыз жазған

Әйелдің айтуынша, 9 сәуір күні таңертең оны полиция бөлімшесіне алып кеткен және 4 сағаттан астам уақыт ұстап отырған.

«ОА» мұрағатынан

Журналист Лұқпан Ахмедьяровтың айтуынша, оған арыз жазған әйел – осыған дейін өзі келіп, көмек сұраған адам, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ахмедьяров бұл жайтқа қатысты журналист Вадим Борейкоға пікір білдірді.

— Алдыңғы күні маған арыз жазған әйел – дәл сол әйел. Ол 8 сәуір күні келіп, бауырының жағдайын жариялауға көмектесуімді өтінді. (Редакция ескертпесі: оның інісі Украинадағы соғысқа кеткен). Бірақ кейін ол 9 сәуірде маған қарсы арыз жазыпты. Арыз жазар алдында біздің барлық хат алмасуды өшіріп тастаған. 12 сәуір күні бұл жайында жұртшылық хабардар бола бастағанда, өзі маған қоңырау шалып, полиция арыз жазуға мәжбүрледі деді, дейді Ахмедьяров.

ПОЛИЦИЯ ҚЫСЫМЫ

Әйелдің айтуынша, 9 сәуір күні таңертең оны полиция бөлімшесіне алып кеткен және 4 сағаттан астам уақыт ұстап отырған.

— Оны ұялы телефонға көп түсіріп, суретке де түсірген. “Егер дәл қазір Лұқпан Ахмедьяровқа қарсы арыз жазбасаң, сені жалған ақпарат таратты деп қылмыстық іс қозғаймыз. Журналист өтірік айтты, сен оған ондай ештеңе деген жоқсың деп жазуың керек” деген, деп баяндады Ахмедьяров.

Оның сөзінше, әйел полицияның қысымымен мәжбүрлі түрде арыз жазуға келісім берген. Айта кетейік, әйелдің бауыры үйіне оралған.

— Мені полиция пайдаланып кетті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ресми түрде тоқтатылған жоқ. Мен “қорғануға құқығы бар куәгер” ретінде тіркелгенмін, деді Ахмедьяров.

Бүгін, журналистің айтуынша, әйел алдыңғы арызын кері қайтарып, жаңа мәлімдеме жазуға уәде берген.

ЖУРНАЛИСТІҢ ҰСТАЛУЫ

10 сәуірде журналист Лұқпан Ахмедяровты полиция ұстап әкеткен болатын. Журналист полиция әкетер алдында әлеуметтік желідегі парақшасында видео түсіріп үлгерген. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-25
Утром-30.01 ℃
Днем-19.41 ℃
Вечером-22.88 ℃
Ночью-24.59 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра4.13 м/с
2026-01-26
Утром-25.68 ℃
Днем-19.79 ℃
Вечером-22.76 ℃
Ночью-25.15 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра3.75 м/с