Қазақстан мен көрші елдердегі коммуналдық қызметтің құны қанша?

Қазақстандықтар орташа есеппен ай сайын коммуналдық қызметтерге 28 мың теңге төлейді. 

фото: Halyq Uni

Мәселен ауданы 85 шаршы метр пәтерді есептегенде осындай сома шығады және бұл коммуналдық шығын тұрғындардың орташа жалақысының 5–10%-ынан аспайды. Салыстырмалы түрде айтсақ, ресейліктер ай сайын коммуналдық қызметтерге біздегіден екі есеге жуық — 8 800 рубль немесе 50 600 теңге шығындалады. Бұл Ресейдегі орташа жалақының 16%-ы. Әзербайжанда орташа айлық жалақы біздің елдегіден 20% төмен болса да тұрғын-үй коммуналдық қызметтерінің құны біздікіне тең. Көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан тұрғындары айлығының 8–9%-ын коммуналдық қызметтерге жұмсайды. 

Қаңтар айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елімізде жаңа тарифтік саясатты іске асыру жалғасатынын әрі баға нарық шарттарына сәйкес келуі керектігін айтқан. Олай болмаса электр қуаты, жылу мен суды үздіктіз жеткізу мүмкін емес. Елде 2029 жылға дейін жаңа электр станцияларын іске қосу, жылумен, электр қуатымен, сумен қамту және құбырлар желісін жаңғыртуға 15,1 трлн теңге бағыттау жоспарланған. Шығындардың бөлігін қаржылық тұрақтылығы жоғары өңірлерде тарифтерді көтеру есебінен жабу көзделіп отырғанын айта кету керек. 

Коммуналдық қызмет тарифі 

Қазақстан / ₸28,7 мың / Орташа айлық жалақының 5-10%; Ресей / ₸50,6 мың / Орташа айлық жалақының 16%; Әзербайжан / ₸29,1 мың / Орташа айлық жалақының 13%; Қырғызстан, Өзбекстан / Орташа айлық жалақының 8-9%. 

Дереккөзі: 24.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-12
Утром-4.72 ℃
Днем-2.11 ℃
Вечером-0.37 ℃
Ночью-0.05 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.92 м/с
2025-12-13
Утром0.22 ℃
Днем0.84 ℃
Вечером0.8 ℃
Ночью-3.14 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра7.53 м/с