«Итбалықтар мен жағалаудағы қауымдастыққа қауіп төніп тұр»: Ғалымдар Каспий теңізінің тартылатынын айтып дабыл қақты

Су деңгейінің төмендеуі олардың тіршілік ету ортасы мен көбею орындарын, соның ішінде мұз айдындары мен жағалаудағы шалшықтарды азайтады. 

фото: forbes.kz

Лидс университетінің ғалымдары Каспий теңізінің тартылып, кебу қаупі шұғыл шараларды қажет ететінін мәлімдеді. Айтуыларынша, температураның жоғарылауына байланысты әлемдегі ең үлкен жабық су қоймасындағы су деңгейі төмендей береді. Бұл 2100 жылға қарай 21 м-ге дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Communications Earth & Environment журналындағы зерттеуде Каспий теңізі 10 м төмендеген кезде 112 мың км2 дейін кебуі мүмкін екені көрсетілген. Бұл салыстырмалы түрде Исландиядан үлкен аумақпен бірдей. Оның кебуі бірегей биоәртүрлілік пен жағалаудағы инфрақұрылымға қауіп төндіреді.

Әсіресе итбалықтар мен бекіре тұқымдас балықтардың алты түрі сондай-ақ жүздеген эндемиктердің мекендейтін орны жойылып кету қаупі төніп отыр. Су деңгейінің төмендеуі олардың тіршілік ету ортасы мен көбею орындарын, соның ішінде мұз айдындары мен жағалаудағы шалшықтарды азайтады. Мысалы, теңіз деңгейі 5 м-ге төмендеген кезде, итбалықтар көбейетін аумақтың 81% -ы жоғалып кетуі мүмкін.

Каспий теңізі сонымен қатар Еуропа, Азия және Африка арасында қоныс аударатын құстардың ғаламдық маңызды мекені. Олар баспана тауып, тамақтану үшін жағалаудағы шалшық пен қамыстарға келеді. Бірақ су тартылса, мұндай мекендеу орындары да жоғалады.

“Бұл маңызды зерттеу. Өйткені ол Каспий аймағы мен жергілікті қауымдастықтардың биоәртүрлілігі үшін климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерді және оның салдарын басқаруға көмектесу үшін аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін көрсетеді”, – деді Әзірбайжан Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Эльчин Мамедов.

Каспийдің тартылуы порттар, елді мекендер мен мұнай өндірісіне де қауіпті болады. Себебі су тартылған сайын жағалау алыстап, улы шаң пайда бола алады.

Су деңгейінің төмендеуі өнеркәсіпке де әсер етіп, кеме қатынасы бұзылады. Әсіресе Волга Каспийді сыртқы әлеммен байланыстыратын жалғыз өзен. Қашаған мен Филановскийдің ірі мұнай кен орындарына қауіп төнуде.

Бұл мәселеге жағалаудағы бес елдегі (Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан) 15 миллионнан астам адам тікелей тап болмақ. Балық аулау, климат, сумен жабдықтау мұның бәрі Ақтаудағыдай тұщыландыру қондырғыларын қоса алғанда, зардап шегуі мүмкін.

Зерттеуде тұрақты шекаралары бар қорғалатын аймақтар жасаудың тиімсіз болып бара жатқанын көрсетті. Ғалымдар икемді экожүйені басқаруға көшуді, аймақтық ынтымақтастықты дамытуды, жағалаудағы қауымдастықтарды қолдауды, заңнаманы бейімдеуді және парниктік газдар шығарындыларын шұғыл түрде азайтуды ұсынады.

Доктор Саймон Гудман (Лидс Университеті) және Доктор Эльчин Мамедов (Әзірбайжан экология министрлігі) жедел және келісілген әрекеттердің маңыздылығын атап көрсетті. Зерттеуге Германия, Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан және Түркіменстан сарапшылары қатысты.  

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-08
Утром14.68 ℃
Днем21.87 ℃
Вечером19.68 ℃
Ночью17.93 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.88 м/с
2026-06-09
Утром15.62 ℃
Днем23.31 ℃
Вечером22.86 ℃
Ночью18 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.96 м/с