БҚО-да екі оқушы жол апатында қаза тапты
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұмдардың бірі 2008, екіншісі 2010 жылғы, екеуі де – мектеп оқушылары.

Жолдағы апаттың ауыр видеосы бізге жіберілді. Екі оқушы (9-шы және 11-ші сынып оқушылары) ата-аналарынан көлік ұрлап, күндізгі сағат 11-де Белес ауылының маңындағы тас жолда арнайы техникамен соқтығысқан.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаны растады, оқиға 21 сәуір күні Бәйтерек ауданы аумағында Переметный-Белес жолында болған. Шамамен сағат 11.00-де Jac N56 және «ВАЗ-2110» көліктері соқтығысқан.

– Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Жеңіл автокөлікте 2008 және 2010 жылғы жасөспірімдер болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Полиция департаменті мерт болғандардың отбасыларына көңіл айта отырып, ата-аналардың балаларының қауіпсіздігіне мұқият қарауы керектігін еске салады, – деп хабарлады ведомстводан.
БҚО-да апатты ЖКО және апаттарда жарақат алғандар саны өсуде. Егер 2022 жылы облыста 370 ЖКО орын алса, 2024 жылы – 1196 (!) жол апаты-үш есе өскен.
Жыл сайын ЖКО-да 100-ден астам адам қайтыс болады Жолдарда жарақат алған адамдардың саны жүздеп емес, мыңдаа саналады.
2023 жылы ЖКО салдарынан облыстың 540 тұрғыны жарақат алса, 2024 жылы 1760 тұрғын жарақат алған.