Теңіз кен орнындағы жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етті

Олар инфляция мен күнкөрістің қиындағаны алға тартып, қазіргі жалақы тұрмысқа жеткіліксіз екенін атап өткен. 

Фото: видеодан алынды

Теңіз кен орнында «Кәсіби таңдау» ЖШС қойма қызметкерлері жалақыны 50%-ға көтеруді талап етіп, наразылыққа шықты. Бұл туралы жергілікті «АқЖайық» басылымы жазды, деп хабарлайды ”adyrna.kz” ұлттық порталы.

Басылымның жазуынша, бастаманы көлік департаментінің қызметкерлері қолдап, өз кезегінде еңбекақыларын 100%-ға өсіруді сұрады.

17 сәуірде қызметкерлер ТШО бас директоры Уильям Лакоби, COCR жетекшісі Аджай Майк және «Кәсіби таңдау» ЖШС басшысы Айнұр Смитке жазбаша өтініш жолдаған. Олар инфляция мен күнкөрістің қиындағаны алғка тартып, қазіргі жалақы тұрмысқа жеткіліксіз екенін атап өткен. Сондай-ақ, еңбекақыны арттыру еңбек өнімділігіне оң әсер ететінін де мәлімдеген. Қызметкерлер үш күн ішінде ресми жауап беруді сұрады.

Ал 21 сәуір күні жұмысшылар өз талаптарын бейнеүндеу арқылы қайталап, адал әрі тұрақты еңбек етіп жүргендерін айтып, жалақыны 50%-ға көтеруді сұрады. Сонымен қатар, олар талап қойғандары үшін қудалауға ұшырамауды өтінген.

«Кәсіби таңдау» ЖШС — Caspian Offshore Construction Realty (COCR) компаниясының мердігері, ал COCR өз кезегінде — ТШО-ның (Теңізшевройл) мердігері.

Атырау қаласында тіркелген компания 2021 жылы ашылған. Негізігі қызметі – еңбек ресурсымен (қызметкер таңдау) қамтамасыз ету. Құрылтайшысы – Комлева Елена.

Қазіргі таңда өндіріс тоқтатылмаған. Еңбек инспекциясы Теңіз кен орнында келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады. Аудан әкімінің орынбасары, аудан прокуроры және мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы жағдайды бақылауға алып, оқиға орнына барған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-11
Утром19.51 ℃
Днем30.76 ℃
Вечером24.18 ℃
Ночью21.51 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.18 м/с
2026-07-12
Утром19.94 ℃
Днем27.05 ℃
Вечером26.42 ℃
Ночью20.57 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.08 м/с