Жақында зейнетке шығатындар нені ескеруі керек?

Айлық табыстың есепке алынатын шекті мөлшері – 55 АЕК (қазіргі есеппен – 216 260 теңге).

Фото: 7kun.kz

Салық маманы Балжан Бақытқалиқызы “Теңге” телеграм арнасына кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Әуелі мынаны түсініп алыңыз.

Зейнетақы үш негізгі бөліктен тұрады:

Базалық зейнетақы

Барлық азаматқа ортақ мемлекеттік төлем. Оның мөлшері еңбек өтілі мен ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептеледі. Өтіл көп болған сайын төлем де жоғары.

Ынтымақты зейнетақы

Тек 1998 жылға дейін еңбек еткен адамдарға тағайындалады. Бұл төлемнің мөлшері сол кезеңдегі еңбек өтілі мен кез келген қатарынан 3 жылдағы орташа айлық табысқа байланысты есептеледі.

Айлық табыстың есепке алынатын шекті мөлшері – 55 АЕК (қазіргі есеппен – 216 260 теңге).

Егер жалақыңыз бұдан жоғары болса да, есепке осы сома ғана алынады.

Жинақтаушы зейнетақы

Бұл – БЖЗҚ-дағы жеке шотыңызда жиналған қаржы. Оған сіздің және жұмыс берушіңіздің ай сайынғы аударымдары кіреді.

Мысалы, шотыңызда 11 млн теңге болса, соның 9 млн теңгесі зейнетке шыққанда ай сайын бөлініп төленеді. Ал 2 млн теңгесін алдын ала шешіп алып, ем-домға, баспанаға немесе өзге де қажетіңізге жаратуға болады.

Маңызды!

– Жинақтағы қаражат жоғалмайды. Егер зейнеткер өмірден озса, бұл ақша мұрагеріне беріледі.

– Жинақ аз болса да, ай сайын шамамен 30 000 теңгеден төленіп отырады (жинақ таусылғанша).

Зейнетке шығар алдында не істеу керек?

✔ 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліңізді дәлелдейтін құжаттарды жинаңыз

✔ Егер еңбек кітапшаңыз болмаса – мемлекеттік архивтен анықтама алыңыз

✔ Әйелдер – балаларының туу туралы куәліктерін дайындасын (өлі туған немесе өмірден өткен баланың да дерегі есепке алынады)

✔ Жоғары немесе арнаулы оқу орнында оқыған жылдар – еңбек өтіліне қосылады

✔ Ер адамдар үшін – әскерде болған уақыт та еңбек өтілі болып есептеледі

✔ БЖЗҚ-дан шотыңыздағы жинақ сомасы туралы анықтама алыңыз

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-16
Утром19.69 ℃
Днем25.04 ℃
Вечером23.95 ℃
Ночью19.4 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.7 м/с
2026-06-17
Утром17.46 ℃
Днем25.58 ℃
Вечером18.97 ℃
Ночью15.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.48 м/с