Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бес күдіктінің төртеуі — Орал қаласындағы колледж студенттері, олардың бірі — сол кездесуге шақырған қыз.

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жергілікті тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікпен жастар тобын ұстады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жәбірленуші әлеуметтік желіде танысуға арналған арна арқылы бір қызбен сөйлескен. Хат алмасу кезінде қыз оны өз үйіне кездесуге шақырған. Алайда көрсетілген мекенжайға келген кезде, пәтерге үш белгісіз жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні сыртқа шығарып, өздерін қыздың ағасы ретінде таныстырып, қорқытып ақша талап еткен.

Қорыққан жәбірленуші телефонын күдіктілердің біріне берген, ол банк қосымшасы арқылы өзінің банк шотына ақша аударып алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында барлық қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бес күдіктінің төртеуі — Орал қаласындағы колледж студенттері, олардың бірі — сол кездесуге шақырған қыз.

Полиция тергеу жұмыстарын жалғастыруда және азаматтарды интернеттегі арандатушылықтарға алданбай, мұндай жағдайлар болған кезде бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-23
Утром14.21 ℃
Днем19.29 ℃
Вечером20.14 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.35 м/с
2025-05-24
Утром11.74 ℃
Днем19.59 ℃
Вечером18.79 ℃
Ночью13.45 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.83 м/с