Ресей Қазақстаннан бидай импортына салынған тыйымды алып тастады

2025 жылдың 22 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелуге қойылған уақытша шектеулер алынып тасталады.

фото: Halyq Uni

Ресей Федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметі (Россельхознадзор) Қазақстаннан бидай мен жасымық әкелуге қойылған шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдады. Шешім 22 сәуірден бастап күшіне енді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

“2025 жылдың 22 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелуге қойылған уақытша шектеулер алынып тасталады», — делінген Ресей Федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметі сайтында жарияланған хабарламада”. 

Ведомство Қазақстаннан Ресей Федерациясына бидай, жасымық, зығыр тұқымы және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға шектеулерді 2024 жылдың қазан айында енгізген еді. Қадағалау қызметі өкілдері мұны Қазақстан бірнеше жыл бойы жарамсыз фитосанитарлық сертификаттар қолданып келгенімен және Ресейге көбінде бұзылған өнімдерді тасымалдауымен түсіндірді . ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл айыптауларды жоққа шығарды. Астық одағы болса бұл жайтты елдер арасындағы «сауда соғысы болуы мүмкін» деп атады.

Қаңтар айының ортасында Ресей Федералдық ветеринарлық қадағалау қызметі Қазақстан Ресейге астық импорттауға қойылған шектеулерді бұзып жатқанын хабарлады. Ведомство өкілдері Қазақстан тарабы Ресей Федерациясына бұзылған бидай, зығыр тұқымдары мен жасымық экспорттағанын мәлімдеп, Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінен «кешенді шаралар қабылдау» талап етілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-22
Утром-11.81 ℃
Днем-8.23 ℃
Вечером-10.49 ℃
Ночью-12.64 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.02 м/с
2026-01-23
Утром-13.46 ℃
Днем-11.43 ℃
Вечером-14.95 ℃
Ночью-19.11 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.05 м/с