«Жеке сот орындаушылары кәсіпкер сияқты, ақша түсетін жерде жүреді». Депутат алимент туралы айтты

Алимент төлеу – әкенің міндеті.

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан алимент төлемейтін әкелер мен жеке сот орындаушыларының әрекетіне қатысты өз пікірін білдіріп, қазіргі жүйенің кемшіліктеріне назар аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Депутаттың айтуынша, алимент – баланың құқығы, оны орындау – әкенің заңмен емес, адамгершілікпен реттелетін міндеті.

«Алимент төлеу – әкенің міндеті. Оны заңмен негіздеудің өзі артық. Егер жұмыссыз ана баласын аштан өлтірсе, оның үстінен іс қозғалып, жауапқа тартылады. Ал ер азаматтар кейде жұмыссызбын деп, кейде бизнесін басқа адамның атына жазып, қымбат көлікпен жүріп, алимент төлеуден қашады. Бұл – баланың құқығын таптау», – деді Абзал Құспан.

Ол алименттің әйелге емес, тікелей балаға арналғанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ депутат шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, алимент төлемейтіндерге қатысты қосымша моральдық жауапкершілік енгізу қажеттігін айтты. Мысалы, жүргізуші куәлігінен айыру, жүріп-тұру еркіндігін шектеу сияқты тетіктер қарастырылуы керек.

«Біз де осындай қосымша шараларды ұсынып жатырмыз. Заңды қатайта бергеннен нәтиже шықпайды», – деді ол.

Абзал Құспан алимент өндірісін жеке сот орындаушыларынан алып, мемлекеттің құзыретіне қайтаруды ұсынды.

«Жеке сот орындаушылары кәсіпкер сияқты. Олар мемлекеттік қызметші емес, мансабына әсер ететін шара қолдана алмаймыз. Тек әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікпен шектелеміз. Олар қай жерде ақша көп, сол жерге ұмтылады», – деді депутат.

Осылайша, Мәжіліс депутаты алимент мәселесін түбегейлі шешу үшін жүйелі өзгерістер қажет екенін алға тартты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-23
Утром14.6 ℃
Днем18.62 ℃
Вечером20.14 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.35 м/с
2025-05-24
Утром11.74 ℃
Днем19.59 ℃
Вечером18.79 ℃
Ночью13.45 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.83 м/с