1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында өзгеріс болады

Мемлекет басшысы мектептерде тегін берілетін тағам сапасын арттыруды тапсырды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздегі мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Министрдің айтуынша, бұл өзгеріс балалардың денсаулығын сақтау және жақсарту мақсатында қолға алынып отыр.

«Мемлекет басшысы мектептерде тегін берілетін тағам сапасын арттыруды тапсырды. Біз оқушыларды сапасыз, арзан өнімдермен тамақтандыра алмаймыз. Балалардың тамақтануы халықаралық стандарттарға сай болуы керек – бұл жас ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер етеді», – деді Ақмарал Әлназарова.

Жаңа стандарт неге қажет болды?

Соңғы жылдары елімізде балалар арасында мынадай денсаулық мәселелері жиілеп кеткен:

• семіздік,

• ІІ типті қант диабеті,

• жүрек-қан тамырлары аурулары,

• тісжегі,

• аллергия.

Мұның негізгі себептерінің бірі – теңгерімсіз және зиянды тамақтану.

Жаңа стандарт не береді?

Сарапшылардың болжамынша, мектептерде жаңа стандартты қатаң сақтау арқылы:

• семіздік деңгейі 10-15%-ға,

• ІІ типті қант диабеті 10-20%-ға,

• артериялық гипертензия 8-18%-ға,

• басқа да созылмалы аурулар 5-15%-ға төмендейді.

Сонымен қатар, балалардың зейіні мен оқу үлгерімі де жақсарады.

Бақылау күшейеді

Министрлік Оқу-ағарту министрлігімен және халықаралық сарапшылармен бірлесіп, жаңа стандартты ғылыми деректер мен ұсынымдар негізінде әзірлеген. Сонымен қатар, мектеп асханаларындағы санитариялық талаптардың орындалуына бақылау күшейеді:

• Тексерістер алдын ала ескертусіз жүргізіледі;

• Асханаларда тұрақты мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі.

«Бұл қадам – балаларымыздың денсаулығы үшін. Барлық білім беру ұйымдарын жаңа талаптарды адал әрі жауапкершілікпен орындауға шақырамыз», – деді министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-09
Утром19.76 ℃
Днем30.64 ℃
Вечером32.33 ℃
Ночью29.27 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра2.53 м/с
2025-07-10
Утром22.98 ℃
Днем32.37 ℃
Вечером33.77 ℃
Ночью26.79 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.93 м/с