БҚО-да 70 млн теңгеден астам сомадағы конкурстардың күші жойылды
2025 жылғы 29 қаңтарда Сырым ауданының білім бөлімі ауылдық
мектептерде 1-4 сынып оқушылары 1248 бала үшін тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша 71 720 388 теңге сомасына 9 конкурс
жариялаған.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, конкурстық құжаттаманы зерделеу кезінде аталған білім беру бөлімі әзірлеген ас мәзірінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.
Атап айтқанда, белгілі бір күндерде балалардың күнделікті рационына кіретін сүт, қант және май жетіспеген. Сонымен қатар мәзірге 5 компоненттен тұратын күрделі салат енгізілген, бұл Денсаулық сақтау министрінің «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының талаптарын бұзу болып есептеледі.
— Сондай-ақ мәзірде тиісті 200 грамм шырынның орнына бұл сусынның көлемі төмендетіп көрсетілген, яғни 165 грамм. Сырым ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша конкурстардың күші жойылды. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау жұмыстары жалғасады, — деп хабарлады ведомстводан.
