Оралда тұрғындардың атына онлайн несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Оралда Абай полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтардың атына онлайн микронесиелер рәсімдеген ер адамды құрықтады.

Сурет: Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті «қоңырау шалып алайын» деген желеумен таныстары мен бейтаныс жандардан ұялы телефондарын уақытша сұрап алып отырған. Алайда ол бұл құрылғыларды пайдаланып, түрлі микрокредиттік ұйымдардың қосымшалары арқылы жәбірленушілердің атына онлайн несие рәсімдеген. Кейін алынған қаржыны өз шоттарына аударып отырған.

Қазіргі таңда аталған алаяқтық фактісі бойынша алты эпизодқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жалпы келтірілген материалдық шығын көлемі 300 мың теңгеден асады.

Осыған байланысты полиция азаматтарға сақ болуды ескертті. Бөгде адамдарға жеке телефон мен жеке деректерді бермеуге, сондай-ақ күмән тудыратын кез келген жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-09
Утром19.76 ℃
Днем30.64 ℃
Вечером32.96 ℃
Ночью28.14 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра2.53 м/с
2025-07-10
Утром22.98 ℃
Днем32.37 ℃
Вечером33.77 ℃
Ночью26.79 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.93 м/с